«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы кеңсесінде жобалық топтары мүшелерінің кездесуі өтті.
2019 жылдың 23 қаңтарында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде жобаның сапалы, әрі тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтау жобалық тобының мүшелерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында жобалық топтардың мүшелері аталған салалардағы проблемалық сұрақтарды көтеріп, оның шешілу жолдары туралы пікірлерін ортаға салды.Кездесу қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар берілді: пациенттердің денсаулық сақтау ұйымдарына келуін азайту мақсатында К-vrachu.kz интернет белсенді халықтың 70% кем емес мобильдік қосымшаларымен қамту (бүгінгі күні 26 000 адам қамтылды немесе шамамен 12 %), сонымен қатар пациенттердік емханаларға келуін азайту мақсатында еңбекке жарамсыздық парағын және дәрілік заттарға арналған рецептілерді беруді электронды форматқа ауыстыру.Сонымен қатар бола…