«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы кеңсесінде жобалық топтары мүшелерінің кездесуі өтті
2019 жылдың 22 қаңтарында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының сапалы, әрі тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Жобаның кеңсесінде құрылыс және тұрғын үй шаруашылығы жобалық топтары мүшелерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және сәулет және қала құрылысы салаларының мамандары аталған салалардағы проблемалық сұрақтарды көтеріп, оның шешілу жолдары туралы пікірлерін ортаға салды.
Сонымен қатар болашақта жоғарыда аталған салалар бойынша проблемалық сұрақтар туындаса немесе осы салалардың жұмыстарын оңтайландыру бойынша ой-пікірлер туындаған жағдайда, Жобалық кеңседе жауапты сала мамандарының бас қосу арқылы шешуге келісті.
