Құрметті зейнеткерлік демалысқа шығарып салды
2019 жылдың 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәжіліс залында департамент басшысының орынбасары Мирболат Сүйеуұлы Нұртазинді құрметпен зейнеткерлік демалысқа шығарып салуға арналған салтанатты шара өткізілді.
Мирболат Нұртазиннің еңбек жолы 46 жыл, соның ішінде Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі жүйесінде 19 жыл. Осы жылдар ішінде құрмет грамоталары, медальдар мен «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталды.
Департамент басшысы Болат Исақов Мирболат Сүйеуұлының атқарған еңбегін атап өтіп, жоғары профессионализм мен баға жетпес тәжірибе үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде, Мирболат Нұртазин департамент қызметкерлері ұйымдастырушылық, мақсаттылық, ұқыптылық, өз әріптестеріне деген құрмет және адал қызмет етуге қажетті барлық жақсы қасиеттерге ие екендігін айтты.
Құттықтаулар жылы көңіл-күйде, жақсы тілектермен жалғасты.
