Департамент басшысы білім саласы қызметкерлерімен кездесті
2020 жылдың 5 наурыз күні Департамент басшысы Р.С.Ақмырзаев білім басқармасы ұжымы, колледждер және облыстық мектептердің директорларымен кездесу өткізді.Р.С.Ақмырзаев қатысушыларды Агенттіктің негізгі жұмыс бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін түсіндірді.Республика бойынша білім саласындағы қылмыстық-тергеу тәжірибесін талдау осы саладағы сыбайлас жемқорлық негізінен жұмысқа орналастыру үшін заңсыз материалдық сыйақылар алу, курсқа қатыспай-ақ оқығандығы туралы сертификаттар беру, ұстаздарға сағаттар бөлу және т. б. бар екендігін көрсетті.Департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин электронды-цифрлі қолтаңбаны екінші адамға беру, жатақханадан оқушыларға (студенттерге) орын беру, жөндеу жұмыста…