ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

«Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде азаматтарды қабылдау өткізілді

2020 жылдың 4 наурызында «Ақжайық - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ қабылдамау, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында облыс әкімінің орынбасары - жоба кураторы С. Р. Егізбаев және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті органдар басшыларының азаматтарды қабылдауы өткізілді.

Қабылдауға Ұлы Жеңістің 75 жылдығына және жазушы Ж. Молдағалиевтің 100 жылдығына арналған басылымдарды қаржыландыру, генерал Ш. Жексенбаевтың құрметіне оқу орнының атауын өзгерту, сондай-ақ басқа да тұрмыстық мәселелер бойынша 12 азамат өтініш білдірді.

Әр мәселе бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жауапты тұлғалар бекітілді.

Қабылдау "Facebook" әлеуметтік желісінде "Ақжайық - адалдық алаңы"бетінде тікелей эфирде өткізілді.

Облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының азаматтарды қабылдауы апта сайын өткізіледі.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.