Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ашық бюджеттердің» Интерактивті картасы» бойынша семинар ұйымдастырылды

2020 жылғы 4 наурыз күні «Antikor орталығы» сервистік орталығында Орал қаласының білім беру ұйымдарының есепшілері мен мемлекеттік сатып алуға жауапты қызметкерлеріні қатысуымен семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында Департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин жүргізіліп жатырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық жағдайы мен заңбұзушылыққа жол бермеу бағытында алынып жатырған шараларға тоқталды.

Б.М.Хайруллин бюджет қаражатын үнемді пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етудің маңыздылығын ерекше атай отырып, «Ашық бюджеттердің» Интерактивті картасымен» жұмыс жасау және оны толықтыру тәртібін түсіндірді.

Семинар барысында білім беру мекемелері өкілдері өздерінің сұрақтарына жауап алып, заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

0
0
168

Осы тақырып бойынша

«Ашық бюджеттердің» Интерактивті картасы» бойынша семинар ұйымдастырылды - Yvision.kz