Біздің мақсат - жемқорлықты жою
Біздің мақсат - жемқорлықты жою
@anticorruptionAO
Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.
рейтинг
250
жазбалар
306
пікірлер
0
тіркелуші
2
жазылымдар
0
рейтинг
250
жазбалар
306
пікірлер
0
тіркелуші
2
жазылымдар
0
Біздің мақсат - жемқорлықты жою
Жемқорлық-яғни бұл сатып алу деген мағынаны білдіреді. Бұл мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстың іс-әрекеттері. Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті үшін ақша, бағалы қағаздар, өзгеде мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік т.б жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу.
Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің асқынуына ұрындырады. Сонымен қатар жоғарғы лауазымды мемлеттік қызметкелер жаппай жемқорлыққа салынған жағадайда құқық қорғау органдары оларды жасаған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарта алмайтын жағдай қалыптастырады.
Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттердегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік – құқықтық актілер де қабылданады. Оларға «Мемлекеттік қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдар жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек.
Жемқорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың Конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарын орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі-ол азаматтардың арыз-шағымы Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын бостандықтарын, абыройы мен қадір қасиетін құрметтеуге міндетті.
Біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істеуде, оның негізі «Сыбайлас жемқолыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар болып табылады, бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функционалды кешенді түрде іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы халықаралық ытымақтастық белсенді жүзеге асырылуда.
«Іле ауданы КазЦИК ауылдық округінің
әкімі аппараты» ММ-сі бас маманы
Өмірзақов Есет Исағалиұлы
Сыбайлас жемқорлық – бұл пара беру және алу ғана емес, сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттік (қызметтік) билікті өзінің жеке мүддесі үшін теріс пайдалану. Басқаша айтқанда, бұл жеке тұлғаның пайда табу мақсатында мемлекет пен қоғамның заңды мүдделеріне қайшы келетін өзінің лауазымдық жағдайын заңсыз пайдалануы. Мемлекет пен қоғамның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық билікке, мемлекет пен қоғамға зиян келтіре бастайды. Сыбайлас жемқорлық билікті және онымен байланысты мүмкіндіктерді бүкіл қоғамның мүддесі үшін емес, жеке тұлғалардың немесе белгілі бір адамдар тобының мүддесі үшін пайдалануды білдіреді, бір сөзбен айтқанда, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билікті жеке мүдделер үшін заңсыз пайдалануды білдіреді.
Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырудың негізгі бағыттарының бірі: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру, қоғамдық бақылаудың рөлін күшейту, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік органдар қызметінде ашықтықты, транспаренттілікті және есептілікті қамтамасыз ету болып табылады.
Соңғы екі жылда қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада бірқатар елеулі өзгерістер мен жаңалықтар орын алды. Осы аспектіде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бірқатар заңнамалық новеллалардың бастамашысы болды. Осылайша, 2019 жылдан бастап қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін бірінші басшылардың отставкаға кету институты енгізілді. Өткен жылдан бастап ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салынды. Қауіпсіздігі барынша төмен колония-қоныстар деп аталатын қылмыстық-атқару мекемелерінде сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандар үшін жазаны өтеу мүмкіндігі алып тасталды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға сыбайлас жемқорлық үшін жаза күшейтілді. Мемлекеттік қызметшілерге, Парламент депутаттарына, судьяларға шетелдік банктерде шоттар ашуға және иеленуге тыйым салынды, пара берушілер мен делдалдардың парақорлыққа жауапкершілігі күшейтілді, мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар беруге тыйым салынды, комплаенс-офицерлер институттары енгізілді. Осы заңнамалық нормаларды қабылдау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға елеулі үлес болып табылады және осы аспектіде заң шегінен шығып кеткендерге кешенді түрде жақындауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы – Мақажанов Ернар Әбсейітұлы
Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Ал шешiмi күрделі мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – сыбайлас жемқорлық. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.
Сол себепті Талдықорған қаласының төтенше жағдайлар басқармасы - сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор деп есептейміз. Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.Ескерту:Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру –мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Автор:О. Өсербаев, Талдықорған қаласының ТЖБ бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір — біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай — қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық барлық мемлекеттер мен халықтарға тән және терең ғасырлық тамыры бар.
Біз өте күрделі кезеңде өмір сүріп жатырмыз, экономикалық реформалар мен дағдарыс кезеңі, трансформация уақыты. Зерттеулерге сәйкес, жемқорлық — теріс құбылыс. Бұл қоғамның негіздерін бұзады, дамуға қауіп төндіреді, мемлекеттік органдарға деген сенімділіктің төмендеуіне ықпал етеді және қоғамның экономикасы мен моралын бұзады. Бұл бізге байланысты — қай мемлекетте өмір сүреміз: адал немесе жемқор? Әлемдік сыбайлас жемқорлыққа сәйкес, лайықты адам, лайықты компания немесе лайықты мемлекет белгілі бір елмен қарым — қатынаста бола ма деп бағаланады.
Сыбайлас жемқорлықтың үлкен кемшілігі, ол мемлекеттің экономикалық салаға зиян тигізіп, елдің және оның әрбір азаматының жалпы әл — ауқатын төмендетеді. Бұған қоса, мұның бәрі халықтың үкіметке сенімін жоғалтуына қауіп төндіреді.
Пара — бұл тек ресми қылмыс ғана емес, сыбайлас жемқорлықтың типтік көрінісі болып табылатын ең тән, қауіпті және кең таралған құбылыс. Бұл қылмыстың мәні тек қана ақша емес, құнды қағаздар, басқа да мүліктер ғана емес, сондай — ақ әртүрлі жеңілдіктер болып табылады және негізінен, әрине, материалдық сипатта болады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу керек. Бұл туралы қарапайым азаматтарға түсінікті Қазақстан үкіметі мәлімдеді. Барлық құрылымдарда және үкімет барлық деңгейлерінде бірыңғай, күшті және дәйекті сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тек оң нәтиже бере алады. Ол мемлекетте идеологиялық және жаппай саяси шараларды жүзеге асыру арқылы мемлекеттік билік органдарындағы көлеңкелі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимылдарды күшейтуден тұрады. Заң алдындағы жауапкершіліктің тең дәрежесін қамтамасыз ету маңызды.
Көптеген мемлекеттік қызметкерлердің білімі мен жалпы мәдениетіне, олардың бизнесі мен моральдық қасиеттеріне байланысты. Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде білім беру мекемелері, ең алдымен мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер кіреді. Адалдық, әділеттілік, берілген тапсырмаға бағыну, кез келген құқық бұзушылыққа қатысты ауытқушылық, проблемаларды шеше білу, адам құқықтарын қорғау, мемлекет пен қоғам мүдделері сияқты моральдық және психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға ерекше назар аудару керек.
Ащыбұлақ ауылдық округі
аналар кеңесінің төрайымы
Г. Құлымбаева
Бүгінгі күні бүкіл әлемді қамтыған жаһандық қауіп-қатерлердің бірі бұл сыбайлас жемқорлық, ол қалыпты даму мүмкіндігін берместен қоғамға іріткі салатын зиян құбылыс. Сыбайлас жемқорлықты жою үшін онымен бірлесіп күресу керек. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы отбасының рөлі маңызды екендігін атап өту қажет. Отбасында жас ұрпақты тәрбиелеуге көп көңіл бөлінуі тиіс, бала тәрбиесі қашанда маңызды іс өйткені, кез келген балаға дұрыс тәрбие беру арқылы оны өз отанын сүюге еліне адал қызмет атқаруға баулыймыз.
Ұлы педагок К.Ушинский: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген, ешқандай жарғыда бағдарлама да оның орнын баса алмайды»- деген. Жас кезінен жағымпаздыққа , қулық-сұмдыққа тәрбиелеген баладан отанын, елін сүйетін патриот шықпайды. Ол тек өз қара басын күйттеп өсетін өзімшіл адам болып өседі. Қазір өкінішке орай, тәрбиеде сондай үрдістің жүріп жатқанын ащы да болса мойындауға тура келеді. Біздіңше, кез келген адамды тәрбиелеудің ұлттық негізі болуы керек, сонда ғана тәрбие шынацылыққа айналады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптастырылуын оқу орындарынан бастағанымыз дұрыс. Ашығын айтар болсақ біздің қоғамда шын талантты, білімді жастарға әліде орын жоқ. Тіптен өз күштерімен «Болашақ» бағдарламасымен шетелдік мықты жоғары оқу орнын бітіріп келген жастарымыз жұмыс таппай қайтадан шетелге кетуде, оны өздеріңіз ақпараттық арналардан көріп, біліп отырсыздар. Жас ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікке тәрбиелеу – біздің басты мақсат.
Қазір сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлерін жою үшін Қазақстан азаматтарының құқықтық санасын арттыру жүргізілуде. Еліміздің әр бір азаматы қандай да бір заңнаманы сәйкесінше қолдана білсе, мемлекеттік қызметкердің өз лауазымын заңсыз қолданыуына жол бермесе, яғни заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиімді қолданса еліміз дерттен арылып, әлемдегі дамыған елдер қатарынан орын алуына үлкен үлес қосылар еді.
Ұлы болсын, кіші болсын халықтың адал перзентерінің ең әуелі өз ұлтының рухын көтеруді ойлағаны абзал. Адалдық-адамның ең асыл қасиеті, әділдік пен адалдықты ту еткен тұлға тәрбиелеу қоғам талабы. «Ақыл-жастан, асыл тастан» оқыған білікті, білімді жастар ертеңін ойлап, еңсесі түскен ел жанынан табылып, қолдау тапса, елдігіміз бен ерлігіміз жоғалмағаны, Ағайын!
Қорыта келгенде, біздің елде жемқорлық дерті жойылмай ел еңсесі көтерілмек емес. Ол үшін бүкіл халық болып бұл дертпен күресу, әр шенеунік пен әр азаматтың қасиетті борышы. Ендігі кезек жас буын ұрпақтарымыздікі, оларға бағыт бағдар беру, жол сілтеу біздің еншіміз! Әділ жол, мақсатқа жеткізеді.
Қараой ауылдық округінің «Қоғамдық кеңес»
ұйымының төрайымы Байпақбаева Б.Б
Сыбайлас жемқорлық әлеумет-тік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Бұл қауіпті індеттің мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес - ең өзекті мәселелердің бірі. Біздің елімізде де мемлекетік саясатының
негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдай-да қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.
Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.
Қызмет құзыреті бойынша Тәр-
тіптік кеңесі Қазақстан Республика-сының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мем-лекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексі талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген.
Біздің қоғамда сыбайлас жем-қорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дертті одан әрі ушықтырмай, ауыздықтаудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстан Республикасы азамат-тарының азаматтық борышы болуы керек.
Камила АЖБАНБЕТОВА,
Акбота балабақшасының тәрбиешісі
Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласында ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 31 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Оның 28 қылмысы сыбайлас жемқорлыққа тікелей қатысты болып табылады. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары ауырлық дәрежесі бойынша ауыр және аса ауыр қылмыстар ретінде сараланады. Есептік кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңды бұзған 119 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 10-ы бірінші басшылар. Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті кәсіпкерлердің құқығын қорғауды қамтамасыз етіп, кәсіпкерлікке кедергі келтірудің жолын кесу бағытында жұмыс жасауда. Айталық, үстіміздегі жылы 4 субъектінің кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуының 5 фактісі анықталып, 12 адамға қатысты 8 қылмыс тіркелді. Аяқталған қылмыстық істер бойынша жалпы залал 1 млрд. 614 млн. теңгені құрады, соның 1 млрд. 594 млн. теңгесі өтелген.
Бүгінгі таңда бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында департаментпен 6 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. Оның 1 кешенді, 5 тақырыптық мониторинг болған деуде, мамандар.
«Департамент өкілдері облыс әкімдігі бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 5 сыртқы талдау жүргізді. Нәтижесінде, 82 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Одан бөлек, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК филиалымен бірлесіп 8 мониторинг өткіздік. Аталған жұмыстар барысында 12 бұзушылық анықталды»,-дейді Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев.