Мазмұнға өту
altynsaryn_obzhk_qst
altynsaryn_obzhk_qst

Алтынсарин атындағы ОБЖК

@altynsaryn_obzhk_qst

Сайтта 2014 ж. 12 мамырКазахстан, Костанай

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

111

жазбалар

4 822

пікірлер

140

тіркелуші

30

жазылымдар

2

«Жолда жүру ережесін білу – бәріне міндет»

02 және 07.06.2017ж. Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК-да «Жолда жүру ережесін білу – бәріне міндет» деген тақырыппен ЖЖЕ байланысты іс-шара өтті. Жолда жүру ережесі туралы балалардың білімін бекіту, оқушылар арасында жол жарақатының алдын алу – іс-шараның мақсаты болды.

19 және №2 мектеп-лицейдің қатысушылары үшін (72 адам) іс-шара барысында қимыл-қозғалыс ойындары, сондай-ақ есте сақтау, зейінділік қабілеттерін жетілдіруге арналған ЖЖЕ байланысты бірнеше викторина жүргізілді.

https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/album/6429152371346155873?authkey=CNKjv4_h7_ep2gE


0
0
957

«Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы»

Балаларды қорғау күніне орай Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК-да «Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» деген тақырыппен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балалар мерекесіне арналған тосын сыйдың бірі-мерекеге қонақ болып Пеппи ұзын шұлықтың өзі келді. Балалар Пеппимен бірге түрлі байқаулар мен викториналарға қатысты. Басынан аяғына дейін музыкалық құттықтауларға толы іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балаларды мереке соңында дәстүрге айналған тәтті тосын сый күтті.

Іс-шараға 137 адам қатысты.

https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/album/6426628425004812193?authkey=CLCoprji2LWEGQ

0
0
493

«Кітап — ғажайып әлем»

20.04.17 жылы сағ. 15.00 Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 23 сәуір «Кітап - ғажайып әлем» атты Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай әрі осы күнді атап өту аясында облысымыздың ақын – қаламгер, Қостанай облысының «Қазына» меценаттар клубы сыйлығының лауреаты - Ғайнижамал Сайманқызы Бердалиновамен кездесу кеші өтті. Іс-шараның мақсаты оқушыларды, жасөспірімдерді жерлес ақын – қаламгерлердің шығармаларымен таныстыру. Аталған іс -шараға Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектебінің 7-8 сынып оқушылары, ақынның жақын туыстары қатысты. Оқушылар ақын апайымыздың өлеңдерін айтып, ақынның балалық шағы, шығармашылық өсу жолы мен өмірі жайлы қызықты да өзекті сұрақтарын қойды. 8 сынып оқушысы Әуезхан Нұрым, «Отан ана» атты өл…

0
0
1582

«Сәлем, оқырман!» онлайн кездесу

Бүгін 19 сәуір Ы.Алтынсарин шаңырағында «Дарабоз» байқауының иегері жас талантты қаламгер Мейіржан Жылқыбаймен онлайн кездесу өтті. Кездесуге Б. Момышұлы атындағы №5 мектеп оқушылары мен Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары қатысты. Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар классик жазушы Дулат Исабековтың мақтап, аузына ілігіп жүрген жас жазушы Мейіржан Жылқыбаймен өткен кездесу біздер үшін үлкен мереке болды. Жазушы өз шығармалары жайлы, өз өмірі жайлы қызықты да, тартымды әңгімесімен жиналған қатысушыларды танырқатты, қуантты. Шын жүректен балалар әдебиетіне таптырмас нағыз жанашыр жас қаламгер Мейіржан өзінің қарапайымдылығымен, тәрбиелігімен, шыншылдығымен көрермендерін кездесу басынан өзіне жаулап алды. Балалар алған әсерлерін үлкен алғыспен жеткі…

0
0
598

Ертегі елінің

Дәстүрлі балалар кітабының апталығы биылғы жылы «Шатасқан ертегілер әлемінде» деген атаумен өткізілді. Мерекелік іс-шара екі бөліктен құралды. Бірінші бөлімде: балалар биылғы жылдың мерейгер балалар жазушылары мен олардың шығармаларын еске алса, екінші бөлімде теріс кинокейіпкерлері «Ертегі елінің» тұрғындарын дүрліктіріп, ретсіздік орнатады. Ал ертегі елінің кейіпкерлері және кітапхананың оқырмандары болып келген көрермендермен «Ертегілерді құтқарушылар» командасын құрып, Баба-яганың басқарған агенттік орталығымен ертегі әлемін құтқаруға тырысады. Ертегі елінің тәртібі орнай ма? әлде жоқпа? оны балалар алда білетін болар...

https://plus.google.com/photos/105444590971516272131/album/6402128984554186801?authkey=CN-BztulgpXFRw

1
0
816

Мамандық әліппесі

2017 жылдың 24 ақпанында кітапхананың ғылыми-көпшілік әдебиеті бөлімінде кездесу циклі аясында «Мамандық әліппесі» деген тақырыппен іс-шара өтті. Кездесуге №11 мектептің 11 сынып оқушылары шақырылса, қонақ ретінде ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқытушысы, әлеуметтік-гуманитарлық тәртіп кафедрасының профессоры — Видершпан Александр Валерьянович, сондай-ақ академияның 2 курс студенттері атсалысты. Әңгіме барысында балалар полицей мамандығы туралы көптеген қызықты мәлімет алып қана қоймай, Академияда оқу мен қабылдау ережелері жайлы да білді. Мұндай шаралардың мақсаты — түрлі маман өкілдерімен балаларды кездестіру және жұмыстың қыр-сыры ерекшеліктерін білуге мүмкіндік беріп, болашақ мамандығын анықтауға ықпал ету. https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/a…

0
0
529