«Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы»
Балаларды қорғау күніне орай Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК-да «Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» деген тақырыппен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балалар мерекесіне арналған тосын сыйдың бірі-мерекеге қонақ болып Пеппи ұзын шұлықтың өзі келді. Балалар Пеппимен бірге түрлі байқаулар мен викториналарға қатысты. Басынан аяғына дейін музыкалық құттықтауларға толы іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балаларды мереке соңында дәстүрге айналған тәтті тосын сый күтті.
Іс-шараға 137 адам қатысты.
