Мазмұнға өту
altynsaryn_obzhk_qst
altynsaryn_obzhk_qst

Алтынсарин атындағы ОБЖК

@altynsaryn_obzhk_qst

Сайтта 2014 ж. 12 мамырКазахстан, Костанай

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

111

жазбалар

4 822

пікірлер

140

тіркелуші

30

жазылымдар

2

«Қазақ мультфильмінің қарлығашы»

2018 жылдың 27 маусымында сағат 10:00-де Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК-да өткен Қазақстандағы тұңғыш мультипликатор, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деп аталатын мультфильмінің авторы, режиссер Әмен Қайдаровқа арналған «Қазақ мультфильмінің қарлығашы» атты мульт-сағатқа № 24 а мектептің оқушылары қатысты. Әмен Қайдаровтың өмір баянына тоқталып, қандай мультфильмдерді түсіргенін, қалай түсіргені жайлы баяндады. Балалар «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмін тамашалап, тақырып бойынша викториналық сұрақтарға қызыға жауап берді. Режиссер туралы толық ақпарат алған оқушылар жақсы көңіл-күймен тарасты.

https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/album/6571681888952855153

0
0
253

«Қасиетті Қазақстан»

Сондай-ақ оқушылар Республика көлемінде жүріп жатқан «Рухани жаңғыру» аясында «Қасиетті Қазақстан» этно-мәдени экспедициясының Қостанай облысы бойынша зерттеліп, жаңғыртылған киелі нысандарына арналған «Қостанай облысының киелі жерлері» атты виртуалды кітап көрмесіне саяхат жасады. Оқырмандарға өлкеміздің 10 жалпыұлттық мәні бар және 19 жергілікті маңызды киелі орындарының атауымен таныстырылып, сол киелі жерлер жайлы және өз елінің, өз өлкесінің тарихы жайындағы кітап және журнал, газет беттеріне шыққан мақалалармен таныстырылды. Оқушылар «Мен өз еліммен мақтанам» деп өздерінің ерікті ойларымен бөлісті. Кездесу туған өлкеміздің авторларының өлеңдері «мүшайра» дәстүрі бойынша өлең оқумен аяқталды.https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/album/6566778241779585377?authkey=CI…

1
0
356

Саусақ театры

Саусақ театры көмегімен қандай болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалауға болады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортаны бейнелей алады. Іс-шара барысында балалар саусақ қуыршақтары арқылы «Үйшік» және «Мақта қыз бен мысық» ертегілері кейіпкерлерін сомдады.

Іс-шара соңында қағаздан бақа жасады. Оқушылар үшін бұл өте қызықты болды. Балалар өз алғыстарын білдірді.

https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/album/6564228278731722225?authkey=CPyg0ffzz_-h5gE

0
0
2079

«Құстар біздің досымыз»

11 мамыр күні Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК-ның өнер бөлімінде «Құстар біздің досымыз» атты іс-шара өтті. Іс-шараға 20 мектептің 1 сынып оқушылары шақырылды. Іс шара барысында оқушылар құстардың түрлерімен, олардың мекендейтін жерлерімен бір сөзбен айтқанда жалпы тіршілігімен танысты. Былтыр №24 мектеп-гимназияның 1 ә сынып оқушысы Сапарғалиева Жансая «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» атты Ә.Қайдаровтың мерейтойына байланысты өткен іс-шарадан алған білімі, әсері бойынша биыл ғылыми жұмыс қорғап, жүлделі орындарға ие болды. Өскенде Ә.Қайдаров сияқты мультипликатор болуды армандайды. Оқушылар іс-шара барысында белсенділік танытып, жұмбақ шешіп, құстар туралы мағлұмат алды және де оларға қомқорлық жайсайтындарын білдірді. Іс-шара соңында оригами әдісімен құс жасалынды. Костанайская ОДЮБ им. И. А…

0
0
468

«Мағжанның жұлдызы»

11 мамыр күні 20-шы ғасырдың басындағы дарынды ақындардың бірі - Мағжанның 125 жылдығына арналған «Мағжанның жұлдызы» атты әдеби дайджест №10 мектептің 8 сынып оқушыларының атсалысуымен өтті. Балалар Мағжанның шығармашылығымен және ауыр өмірімен танысты. Мағжан 1937 жылы өмірден өтсе де, оның әдеби мұрасы қазақ мәдениетінен маңызды орын алды. Мағжан өз шығармасынан басқа, орыс және шетел ақын-жазушыларының көркем шығармаларын аударумен де айналысқан. Қазақ КСР ҒА-ның академигі Әлкей Марғұлан ол туралы: «Мағжан Жұмабаев қазақ халқы үшін ағылшындардың Шекспирі, орыстардың Пушкині сияқты» деген. Кездесуде Мағжанның «Мен кім?», «Атақты ақын – сөзі алтын хакім Абайға», «Қазағым» және басқа көптеген өлеңдері оқылды. Іс-шара видеороликпен, презентациямен және кітап көрмесімен сүйемелденді. Коста…

0
0
374

«Кәне көңілді отырайық»

4 мамыр мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына арналған бөлімде Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектебінің 5-сынып оқушылардың қатысуымен кітапханамызға жаңадан келіп түскен Дария Джумагельдинованың «Еркеғали есімді еркетай» атты таныстыру мақсатында кездесу өткізілді. Кездесу «Кәне көңілді отырайық» деген ұранмен өтті. Өйткені шығарма өте қызықты, тартымды, көңілді жазылған. Балалар шығармамен танысып, өз көзқарастарын 3 топқа бөлініп, әр түрлі әдіс түрімен талдады. «Оқу үйірмесі» әдісінде оқушылар шығармадан үзіндіні дауыс ырғағына келтіре отырып, мәнерлі оқуымен жарысқа түсті. Ал «Үш қалпақты» әдіс түрінде үш түрлі қалпақты кие отырып, шығарманың теріс және оң қылықтарын, отбасындағы апа мен інінің, әке мен ананың және әженің қарым-қатынастарына өз ойларын қосты.…

0
0
309

«Орбұлақ – елдің ерлік жолы»

17.04. күні № 9 орта мектептердің 7 сынып оқушылары үшін қазақ-жоңғар әскерінің ірі шешуші шайқасы - Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай «Орбұлақ – елдің ерлік жолы» атты тарихи сағат өтті. Оқушыларды презентация арқылы тарихи оқиғамен таныстырған ҚМПИ Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі – Елкей Нұрлыбек Нұрланұлы кездесудің басты қонағы болды. Сонымен қатар іс-шара барысында әскери өнердің, жауынгерлік айбынның үлгісі болып табылатын, қазақ батырларының ұрысы көрсетілген видеороликтер ұсынылды. Орбұлақ шайқасы қазақ халқы тарихында ерлік кезеңнің бірі болып қалады. Кездесу соңында балалар тек бұл шайқас қана емес, жалпы Қазақстан туралы сұрақтар қойды. Елкей Нұрлыбек Нұрланұлы ел тарихына деген қызығушылықты ескеріп, сұрақтарға рақаттана жауап берді. Кездесуге «…

0
0
578

«Батыр ұрпақтары»

16.04. күні А.Имановтың 145 жылдығына орай Ы.Алтынсарин атындағы ДБМ-нің 7-сынып оқушылары үшін «Батыр ұрпақтары» атты тарихи дайджест болып өтті. Кездесу барысында кітапханашы 1916 жылғы қозғалыстың аңызға айналған батыры Амангелдінің Егеменді тәуелсіз Қазақстанға қосқан үлесіне тоқтала отырып, бастан кешірген оқиғасымен таныстырды. Іс-шара барысында А. Имановтың өмірін, тарихи қызметін танытатын видеоролик ұсынылды. Кездесу соңында Амангелді бабамызға арналған кітап көрмесі таныстырылды. Костанайская ОДЮБ им. И. Алтынсарина#Алтынка библиотечная#ОДЮБ # https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/album/6545277042343702161?authkey=CPvM4-aZltaYQg

0
0
191

«Шуақты өлке»

Өзге ұлттардың салт-дәстүрін, мәдениеті мен әдет-ғұрпын білу адамдарға ортақ тіл табысуға, бірін-бірі түсініп, сыйлауға және достық пен бейбітшілікте өмір сүруге көмектеседі. Қазақстанда Өзбекстан жылы аясында 2018 жылғы 6 сәуір күні кітапханада 7-сынып оқушыларымен «Шуақты өлке» атты ойын-саяхат өтті. Олар бай өзбек мәдениетімен, халықтың салт-дәстүрімен танысу мүмкіндігін алды. Ойынсыз қандай саяхат болуы мүмкін? Әр ниеттенуші халық қолөнерін білуге, Өзбекстанның ірі қалаларын атауға, жұмбақтар шешуге арналған ойындарда жарысқа қатыса алды. Өзбекстанның жұмбақ әлеміне деген қызықты саяхаты «Насреддин оқиғасы» атты мультфильм тамашалаумен аяқталды. Костанайская ОДЮБ им. И. Алтынсарина#Алтынка библиотечная#ОДЮБ # Шуақты өлке https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/album/6…

0
0
174