Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қасиетті Қазақстан»

Сондай-ақ оқушылар Республика көлемінде жүріп жатқан «Рухани жаңғыру» аясында «Қасиетті Қазақстан» этно-мәдени экспедициясының Қостанай облысы бойынша зерттеліп, жаңғыртылған киелі нысандарына арналған «Қостанай облысының киелі жерлері» атты виртуалды кітап көрмесіне саяхат жасады. Оқырмандарға өлкеміздің 10 жалпыұлттық мәні бар және 19 жергілікті маңызды киелі орындарының атауымен таныстырылып, сол киелі жерлер жайлы және өз елінің, өз өлкесінің тарихы жайындағы кітап және журнал, газет беттеріне шыққан мақалалармен таныстырылды. Оқушылар «Мен өз еліммен мақтанам» деп өздерінің ерікті ойларымен бөлісті. Кездесу туған өлкеміздің авторларының өлеңдері «мүшайра» дәстүрі бойынша өлең оқумен аяқталды.

https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/album/6566778241779585377?authkey=CIrAk4yJ9_HI1QE

#Рухани_жағыру #Рухани_қазына #Туған_жер_-_туған_ел #туған_жер #родная_земля #Казахстан #туған_ел #Қасиетті_Қазақстан

1
0
357

Осы тақырып бойынша

«Қасиетті Қазақстан» - Yvision.kz