«Құстар біздің досымыз»
11 мамыр күні Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК-ның өнер бөлімінде «Құстар біздің досымыз» атты іс-шара өтті. Іс-шараға 20 мектептің 1 сынып оқушылары шақырылды. Іс шара барысында оқушылар құстардың түрлерімен, олардың мекендейтін жерлерімен бір сөзбен айтқанда жалпы тіршілігімен танысты. Былтыр №24 мектеп-гимназияның 1 ә сынып оқушысы Сапарғалиева Жансая «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» атты Ә.Қайдаровтың мерейтойына байланысты өткен іс-шарадан алған білімі, әсері бойынша биыл ғылыми жұмыс қорғап, жүлделі орындарға ие болды. Өскенде Ә.Қайдаров сияқты мультипликатор болуды армандайды. Оқушылар іс-шара барысында белсенділік танытып, жұмбақ шешіп, құстар туралы мағлұмат алды және де оларға қомқорлық жайсайтындарын білдірді. Іс-шара соңында оригами әдісімен құс жасалынды.
Костанайская ОДЮБ им. И. Алтынсарина#Алтынка библиотечная#ОДЮБ # https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/album/6555696290905091969?authkey=CK7gwLfsy5-_tAE
