Мазмұнға өту
altynsaryn_obzhk_qst
altynsaryn_obzhk_qst

Алтынсарин атындағы ОБЖК

@altynsaryn_obzhk_qst

Сайтта 2014 ж. 12 мамырКазахстан, Костанай

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

111

жазбалар

4 813

пікірлер

140

тіркелуші

30

жазылымдар

2

Әжемнің ертегілері: Түлкі, аю және қойшы

Қазақ халық ертегілерінің бірі «Түлкі, аю және қойшы» ертегісі «Біреуге ор қазба, өзін түсерсің» - деген мақалдың мағынасына келмек. Ертегіде айлакер түлкі алдымен аюды әжуалап мазақтап, оған қулық ұйымдастырып қорқытып, артынан өзінің сондай айлаға алданып түсіп қалғаны туралы айтады. Қазақтың ескіден келе жатқан бұл терең мағыналы ойлары бар ертегілер кімді болсын алдамауға және біреуге жамандық тілемеуді үйретеді.

0
0
525

Абай күні

Абай өз ғұмырының ақырына дейін қазақ балаларын оқуға, білім-ғылыммен айналысуға, рухани дамуға және әлемдік мәдениеттің құндылықтарын бойға жинауға шақырғанын білеміз. Дана ақын келер ұрпақты жат мінез-құлықтан аулақ болуға шақырды. Ұлы бабамыз ұлтының бүгіні мен ертеңіне, болашағына алаңдады.

Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік Туы төбемізде желбіреген кезеңде ұлы ойшылдың жауһар жырлары мен мазмұны терең ой-танымдарының құндылығы артып келеді. Бұл бүгінгі жаппай жаһандану дәуірінде де өте өзекті. Сол себептен қазақ халқына мұра боп қалған Абай шығармаларын біздер, өзіміз үшін өмірлік бағыт-бағдар етіп, ұлы тұлғамыз Абайдың әр сөзін, әр пенде сүйегіңе сіндірсе екен.

0
0
243

«Шимай-шатпақ» атты қызықты шығарма Мөкештегі Тұмар Мүслатдинқызы

Күндердің бір күндері өте тәртіпті Арлан өзіне жаңа дос табады. Ал оның досының ойы да,ойыны да керісінше еді.Осылайша Арланның ғана емес, оның мектептегі сыныптастарының арасында кездейсоқ әртүрлі оқиғалар болады. Еріншек болған балалар одан сайын ерініп, жазуы дұрысталып келе жетқан балалардың жазулары керісінше бұзылып, ерекше құбылыстар байқала бастайды.«Қап, солай ма? Көрсетемін әлі мен сендерге не істей алатынымды», - деген ол өзінің шытырман ойларын жүзеге асырып, кімді ол бұрыс қылды, ал кім оны дұрыс қылғаны жайында жазылған жаңашыл шығарма автордың тырнақалды туындысы.«Бұл кітаптың шығатынын білген жоқпын. Жинақ болып үйде жеті жыл жатты. Одан кейін «Алтын қалам» байқауы дегенді көргеннен кейін осы шығармамды жіберіп көргем едім»,- дейді автор."Алтын қалам" ұлттық әдеби байқауын…

0
0
529

Әжемнің ертегілері: Кім күшті?

Кімнің болса да сырт келбетіне қарап сынамай, істеріне қарап сынауды үйретеді. Кейде ең күштімін дегендердің өзі күштілігіне қарамай бір нәрседен женілетін мойындайды. Ал бұл ертегіде өте еңбекшіл құмырсқа өзінің еңбекпен күшті болып жүргенін айтып, балаларды еңбекке шақырады.

0
0
557

Ойла: Жұмабайқызы Гүлнар "Өмір өткелдері"

"Айқын" газетінің саясат және экономика бөлімі редакторы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Гүлнар Жұмабайқызының бұл жинағына 2011-2016 жылдарда республикалық қоғамдық-саяси "Айқын" газетінде "Өмір өткелдері" айдары бойынша жариялаған материалдары топтастырылған.

Қазақ халқы тарихында елге ерен еңбегімен өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар сан салада баршылық. Олар бірден тұлға, танымал болып туған жоқ. Олардың да өсу, қалыптасу кезеңі, бір сөзбен айтқанда өмір жолы бар. Осы жолда түрлі белестен асқан. Қиын да қызық жағдайларды басынан өткізген. Олар бүгінде бір отбасының, әулеттің емес, күллі қазақтың қамын күйттеп, елдің келешегі қандай болмақ деп ой толғайды.

Кітап қалың оқырманға арналған.

0
0
300

Кітаптарда демалыс жоқ

Кітап – білім бұлағы,

Өмірдің ол шырағы.

Кітапхана болсыншы,

Оқырманның тұрағы,- дегендей біздің оқырмандарымыз өздерінің сүйікті кітапханаларының өткізіп жатқан «Кітаптарда демалыс жоқ» акциясына өздерінің қызықтап оқитын кітаптарымен түскен фотосуреттерін жіберіп белсене қатысуда. Ал біздер болсақ сол білімді, белсенді, өнерлі оқырмандарымызбен кездесу күнің асыға күтудеміз.

0
0
288