Мазмұнға өту
altynsaryn_obzhk_qst
altynsaryn_obzhk_qst

Алтынсарин атындағы ОБЖК

@altynsaryn_obzhk_qst

Сайтта 2014 ж. 12 мамырКазахстан, Костанай

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

111

жазбалар

4 813

пікірлер

140

тіркелуші

30

жазылымдар

2

Ойла: Қойшыбаев Бейбіт "Тарих және тұлға"

Бейбіт Қойшыбаев "Тарих және тұлға" жинақтан оқырман қазақ халқының қалыптасуы және этностық атауымен мемлекеттігін құру, бір орталықтандырылған қуатты хандық жасақтауға тырысу және отарлану кезеңдері мен патшалық тұсындағы азаттық аңсаған көтерілістер, кеңестік дәуірдегі ұлттық-мемлекеттік межелеу шындықтары, тоталитарлық кезеңнің қылмысы, алаштық идеяның өміршеңдігі жөнінде оқып танысады.

0
0
363

Әжемнің ертегілері: Жезтырнақтың көзін жойған батырлар

Жезтырнақты жеңген батырлар. Ағайынды қос батыр Еділ мен Жайық аң аулап жүріп тылсым дүниеге тап болады. Ол жезтырнақтар ордасы екен. Екі батыр құбыжықтарды жеңіп, халыққа бейбіт өмір сыйлайды. Бұл оқиға туралы толығырақ бейнежазбадан тыңдаңыздар!!!

0
0
368

Ойла: Қойшығара Салғарұлы "Ұлы дала"

Көне дүние тарихының білгірі, жазушы-ғалым Қойшығара Салғарұлының "Ұлы дала" атты кітабы ежелгі және ортағасырлық далалық империялардың тартысты да талайлы тарихының жаңаша көзқараспен жазылуымен құнды.Туынды терең пайымдаулар мен байыпты да батыл әрі тосын тұжырымдарым ерекшеленеді.Зерттеу нысанына айналып отырған тақырыпқа байланысты басқа да ғалымдардың ой-пікірлерін талдап қана қоймай, тарихи түпнұсқа деректерді өзара салыстырып, автордың өзі тың әрі тиянақты дәлелдер келтіреді. Кітап Ұлы Дала аталған ұлан-ғайыр кеңістікте өмір сүрген байырғы қағанаттар мен ұлыстардың тарихына қызығушы барша оқырманға арналған.

0
0
316

Кітаптарда демалыс жоқ

Кітап – білім бұлағы,

Өмірдің ол шырағы.

Кітапхана болсыншы,

Оқырманның тұрағы,- дегендей біздің оқырмандарымыз өздерінің сүйікті кітапханаларының өткізіп жатқан «Кітаптарда демалыс жоқ» акциясына өздерінің қызықтап оқитын кітаптарымен түскен фотосуреттерін жіберіп белсене қатысуда. Ал біздер болсақ сол білімді, белсенді, өнерлі оқырмандарымызбен кездесу күнің асыға күтудеміз.

0
0
273

Гүл - жердің көркі

"Гүл - жердің көркі" - деп бекер айтпаса керек. Гүл - сұлулықтың символы. Табиғи гүлге жетер ешнәрсе жоқ. Десе де, адамдар сол сұлулықты әртүрлі тәсілдермен қолдан жасауда. Біз бүгінгі шеберлік сыныбымызда күнделікті ішетін сусындардан босаған пластик бөтелкелерден гүлдер жасайтын боламыз. Бос бөтелкелерді қоқысқа текке тастамай, осылайша пайдаға жаратуға болады. Ол гүлдерді мектептің, балабақшаның, үйдің ауласын безендіруге қолдануға болады. Жасалу жолы видеода берілген.

0
0
380

Әжемнің ертегілері: Адал мен сұм және өгіз

Кішкентай біздің тыңдармаңдарымыз сендердің назарларыңызға түнгі ұйқыға кетерде әжем айтқан ертегі айдарында тәрбиелік мәні зор «Адал мен сұм және өгіз» тамаша ертегісін ұсынамыз. Қай заманда болсын жақсы мен жаман, мейірім мен қатыгез, адал мен сұм қатар жүреді. Бұл ағын мен толқын секілді арпалысып жатқан өмірдің сарыны. Ал бүгінгі ертегіміздегі көрші тұрған Адал мен Сұмның жағдайында бұл құбылыс қалай және қандай сарында болғанын осы ертегіден біле аласың.

0
0
243

Дархан Бейсенбекұлы

Дархан Бейсенбекұлы 1984 жылдың 7 қарашасында Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Нағарашы ауылында дүниеге келген. Қаламгердің «Жалғыз жұлдыздың жарығы» атты әңгімелер жинағына балалар әлемі мен жасөспірімдер тақырыбына қалам тербеген туындылары өзінің шынайылығымен, ауылдың аңғал мінезімен ерекшеленіп, оқырман қауымды бірден баурап әкетеді.

0
0
319