Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Шимай-шатпақ» атты қызықты шығарма Мөкештегі Тұмар Мүслатдинқызы

Күндердің бір күндері өте тәртіпті Арлан өзіне жаңа дос табады. Ал оның досының ойы да,ойыны да керісінше еді.Осылайша Арланның ғана емес, оның мектептегі сыныптастарының арасында кездейсоқ әртүрлі оқиғалар болады. Еріншек болған балалар одан сайын ерініп, жазуы дұрысталып келе жетқан балалардың жазулары керісінше бұзылып, ерекше құбылыстар байқала бастайды.

«Қап, солай ма? Көрсетемін әлі мен сендерге не істей алатынымды», - деген ол өзінің шытырман ойларын жүзеге асырып, кімді ол бұрыс қылды, ал кім оны дұрыс қылғаны жайында жазылған жаңашыл шығарма автордың тырнақалды туындысы.

«Бұл кітаптың шығатынын білген жоқпын. Жинақ болып үйде жеті жыл жатты. Одан кейін «Алтын қалам» байқауы дегенді көргеннен кейін осы шығармамды жіберіп көргем едім»,- дейді автор.

"Алтын қалам" ұлттық әдеби байқауының жүлдегері, талантты қаламгер Мөкештегі Тұмар 1974 жылы 21 шілдеде Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Шобанқазған ауылында дүниеге келген. Кітапханашы-жазушы ұзақ жылдар бойы Алматыдағы Сапарғали Бегалин атындағы балалар кітапханасында еңбек еткен. Сонымен қатар кітап өте қызықты безендірілген, бұл шимай-шатпақ суреттерді алғашында автордың ұлы салған екен.

Жаңа мазмұндағы шығарма кішкентай оқырмандарды шын қызықтыратыны сөзсіз. Сондай-ақ керемет жаңалық алдағы уақытта кітаптың жалғасы, яғни келесі бөлімдерін шығару жоспарланып отыр.

https://www.ktk.kz/kz/news/video/2016/10/25/73198/

0
0
529

Осы тақырып бойынша