Мазмұнға өту
altynsaryn_obzhk_qst
altynsaryn_obzhk_qst

Алтынсарин атындағы ОБЖК

@altynsaryn_obzhk_qst

Сайтта 2014 ж. 12 мамырКазахстан, Костанай

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

111

жазбалар

4 791

пікірлер

140

тіркелуші

30

жазылымдар

2

Ғасыр бұлбұлы (Күләш Байсейітова)

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі және КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың екі мәрте лауреаты Күләш Байсейітованың (1912-1957) туғанына 110 жыл. Қандай да бір елдің әлемге әйгілі болуы – сол елдің білімді де өнерлі ұл-қыздарының ізгілікті іс-қарекеттеріне, игілікті жаңалық, жетістіктеріне тікелей байланысты. Сондай өркенді өнерімен елінің мәртебесін көтерген, келер ұрпаққа өшпестей өнегелі із қалдырған, заманында екі мәрте КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған атақты да асқақ тұлға – Күләш Байсейітова еді…

0
0
497

Дала жұлдызы

25 сәуірде Ересек мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Алтынсарин кездесулері» жобасы аясында жазушы, ағартушы-ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Дала жұлдызы» брейн-ринг ойыны өткізілді. Іс-шараға Ғ. Қайырбеков атындағы № 9 орта мектебінің және М. Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысты. Ойынның басында әр мектеп өз топтарының атын, ұранын таныстырып өтті. Ойын 6 бөлімнен тұрды:1. «Ы. Алтынсарин кім?» Жазушының өмірі мен шығармашылығына байланысты қызықты деректер.2. «Қандай нысан?» Ы. Алтынсарин атындағы облысымыздағы нысандар.3. «Қай кейіпкер?» Фильворд әдісі бойынша Ы. Алтынсариннің шығармаларынан кейіпкерлерді табу. 4. «Қандай шығарма?» Шығарманың басталуынан Ы. Алтынсариннің қай шығармасы екенін табу.5. «Ж…

0
0
538

Ұлттың ұлы ұстазы

Биыл елімізде ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аталып өтуде.Осы айтулы күнге орай Ересек мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Ұлттың ұлы ұстазы» әдеби кеші өткізілді. Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 7 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында А. Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі қамтылған бейне-ролик көрсетілді, ұлы ұстаздың ақындық, ғалымдық қырынан басқа әншілік, күйшілік өнері туралы айтылып, қызықты деректер оқылды, оқушылар А. Байтұрсынұлының И. А. Крыловтан аударған мысалдарын оқыды. Іс-шара қорытындысында оқушыларға виторина сұрақтары қойылды. Іс-шарадан тың мәліметтер алған оқушылар көтері…

0
0
443

Әдеби бағдарлама: Айзат Рақыш «Балалықтың соңғы күзі»

Құрметті оқырмандар, бүгін сіздердің назарларыңызға жас жазушы Айзат Рақыштың «Балалықтың соңғы күзі» әңгімелер мен хикаяттар жинағын ұсынамыз. Бұл жинақ үш бөлімнен тұрады: хикаяттар, әңгімелер, әзіл әңгімелер. Әңгімелер желісі қызықты, тілі жеңіл. Кейіпкерлері – мектеп оқушылары мен студенттер, жастар. Жазушы шығараларында қазіргі өзекті мәселелерді негізге алады. Кітапханаға келіңіздер, жазылыңыдар, кітап оқыңыздар!!!

0
0
748

Қазақтың 90 бапкері

Адам батыр болып дүниеге келмейді, олар батыр болып қалыптасады. Мысалы, шәкірттердің спортта жетістіктерге жетуібапкерлеріне тікелей байланысты. Белгілі спорт тарихшысы, қаламгер Қыдырбек Рысбектің 2020 жылы шыққан «Қазақтың 72 бапкері» атты жинағы толықтырылып, 2021 жылы «Қазақтың 90 бапкері» атауымен қайта басылып шықты. Кітапта1945 – 2021 жылдар аралығындағы қазақтың таңдаулы бапкерлері мен шәкірттері туралы деректі мақалалар жиналған.

Жаттықтырушы – әрі педагог, әрі психолог, әрі арқа сүйейтін қамқор әке немесе мейірімді ана бола білуі керек. Ең бастысы, бапкер өзіне сенуі керек!

«Шіркін-ай, жер жүзінде біреудің баласын осынша өбектеп, осынша мәпелеп, оның табысына шаттанатын бапкерден басқа мамандық иесі бар ма екен?!»- дейді журналист Дархан Мыңбай.

0
0
419

Дәйексөздер

#Балалар_әдебиеті

#Балалар_әдебиетінің_кейіпкерлері_сөйлейді

#Балалар_кейіпкерлерінің_сөздері

#Балаларға_арналған_әдебиеттер

#Балалар_шығармалары

#Балаларға_арналған

#Дәйексөздер

#Балалар_әңгімелерінен_үзінділер

#Үзінділер

0
0
378

Дәйексөздер

#Балалар_әдебиеті

#Балалар_әдебиетінің_кейіпкерлері_сөйлейді

#Балалар_кейіпкерлерінің_сөздері

#Балаларға_арналған_әдебиеттер

#Балалар_шығармалары

#Балаларға_арналған

#Дәйексөздер

#Балалар_әңгімелерінен_үзінділер

#Үзінділер

0
0
418

«Мен оқыған бір кітап»

Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаттың балаларының қатысуымен «Біз кітапханаға келдік» экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында балалар кітапхананы пайдалану ережелерімен, балаларға арналған газет-журналдар және қызықты әрі заманауи басылымдармен, кітап-ойыншықтармен, түрлі-түсті энциклопедиялармен танысты. «Отбасы бақыт - аясы» бұрышында балалар кітаптарды тамашалап, зор қызығушылықпен журналдарды қарап, бір-бірімен алған әсерлерімен бөлісті. Кездесу «Мен оқыған бір кітап» атты іс-шарамен аяқталды. Іс- шара барысында оқушылар кітаптың бізге қандай пайдасын тигізетіні туралы көп ақпарат алды.

Экскурсия соңында балалар кітапханаға жиі келетіндерін айтып, кітапхана ұжымына жақсы тілектерін білдірді.

0
0
694

«Алтын Бесік»

«Золотая колыбель»

Эта книга - труд известного костанайский акына, писателя, журналиста Ильяса Байтурсына. В 90-х годах 20 века у него родилась идея экспедиции «Ак Жол», которая должна была восполнить страницы истории становления великого казахского просветителя Ахмета Байтурсынова. Весь накопленный материал лег в основу создания исторических заметок в областной газете «Костанай таны», а затем в 1998 году была выпущена книга под названием «Золотая колыбель».

0
0
655