{"blocks":[{"key":"6agj4","text":"Қазақ поэзиясының танымал қаламгері Бауыржан Қарағызұлы 1982 жылы 17 қазанда дүниеге келген.Бауыржан Қарағызұлы – өз дауысымен, өзгеше қолтаңбасымен, ерекшеленетін талантты ақын. Көптеген әдеби байқаулардыңжеңімпазы.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"363rd","text":"Ақынның«Ұлы даланың ұландары» жинағы «2021 – балалар әдебиеті жылы» деген сериясымен шыққан. Кітап екі бөлімге бөлінген. Бірінші бөлім балаларға арналған өлеңдер, екінші бөлім ересектерге арнап жазылған өмір жайлы ой-толғаныстар.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"3gpaj","text":"Сен ақылды баласың,","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"5m1fl","text":"Ертең өсіп толасың.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"6acli","text":"Ел тарихын зерттеген,","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"4gh9t","text":"Бәлкім, ғалым боласың.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"2i01v","text":"Тарихына сыр тұнған,","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"dh3gh","text":"Өнеге ал ұлтыңнан.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"c7e58","text":"Біліміңе тамсанып,","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"fja09","text":"Ел мақтасын сыртыңнан.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"4t0ug","text":"Кітапханаға келіңіздер, қаламгерлермен танысыңыздар!","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}}],"entityMap":{}}