Мазмұнға өту
altynsaryn_obzhk_qst
altynsaryn_obzhk_qst

Алтынсарин атындағы ОБЖК

@altynsaryn_obzhk_qst

Сайтта 2014 ж. 12 мамырКазахстан, Костанай

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

111

жазбалар

4 786

пікірлер

140

тіркелуші

30

жазылымдар

2

«Нұр Наурыз – халық тойы»

Мероприятие посвященное национальным играм «Нұр Наурыз – халық тойы» прошло для учащихся 2 класса частной школы «Үндестік». Участники праздника с интересом знакомились с казахскими традициями и обычаями, играли в национальные игры. Мероприятие прошло радостно и весело. Завершился наш праздник традиционным угощением «Шашу».

0
0
597

Наурыз мейрамы апталығы: «Бабаларды еске алу және бата күні»

Кітапханада Наурыз апталығының үшінші күні өткізілді. Бүгін – шежіре және бата күні. Іс-шараға М. Хәкімжанова атындағы №20 мектептің 6 сынып оқушылары мен №18 мектептің 9 сынып оқушылары келді. Іс-шара Нығметжан Мирас пен Тасмаганбетов Ерасылдың орындауында «Адай» күйімен ашылды. Әрі қарай кітапханашы балаларды «Наурыз-көктем» кітап көрмесімен таныстырды, Наурыз мейрамы туралы қызықты деректер айтылды. Содан кейін негізгі тақырып шежіре және бата тақырыбына көштік. Балалар өздерінің жеті аталарын еске түсіріп, шежіре ағашына жазды. Балалар өздерінің білетін баталарын айтып, бір-біріне жақсы тілектерін тіледі. Соңында арқан тартыс, орамал тастау сияқты ұлттық ойындар ойнадық. Барлығы көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

https://www.instagram.com/y.altynsarin.obzhk.qst/

0
0
401

«Бабаларды еске алу және бата күні»

Наурыз мерекесі қарсаңында2023 жылдың 16 наурызында кітапханада "Бабалары еске алу және бата күні" өткізілді. Бұл күні отбасы тарихы, шежіре туралы айтылды. Ежелгі заманнан бері қазақтар өздерінің өткеніне құрметпен қараған. Сондықтан балаға Жеті атасытуралы білім бойына бала кезінен сіңіріледі. Бүгін 22 мектептің 8-сынып оқушылары да ата-бабаларын еске алып, шежіреағашынтолтырып, кітапхана ұжымынан бата алды. Және, әрине, басқа күндердегідей, барлығы киіз үйді бірге жинады.

https://www.instagram.com/y.altynsarin.obzhk.qst/

0
0
659

Киіммен қарсы алады - Встречают по одёжке

Кітапханамыздың оқырмандары «Киіммен қарсы алады» атты селфи акциясына қуана қатысты. Ұлттық киімдерді киіп көргеннен кейін Наурыз мерекесінің тартымдылығын сезіне алды.

Читатели нашей библиотеки с удовольствием приняли участие в селфи-акции «Встречают по одёжке». Примерив на себя национальные костюмы смогли ощутить колорит праздника Наурыз.

0
0
426

Кітапханада табиғат күні

https://allib.kz/kk/node/4554

Кітапханада табиғат күні

Наурыз мерекесі қарсаңында 15 наурызда кітапханада "Табиғат күні" өткізілді.

5-сынып оқушылары түймедақ, мариголд, "түнгі сұлу" тұқымдарын отырғызумен айналысты. Жер сумен қаныққанша уақытты бос өткізбей, "Арқан тартыс" және "Орамал тастау" ұлттық ойындарын ойнап, өздерінің әншілік дарындарынкөрсетті.

Содан кейін олар бауырсақтан ауыз тиіп, кітапханаға кітап алуға және олар отырғызған тұқымдардың қалай өскенін бақылау үшін оралуға уәде берді.

https://www.instagram.com/y.altynsarin.obzhk.qst/

0
0
514

«Нұр Наурыз – халық тойы»

Мереке қарсаңында кітапханада бірқатар іс — шаралар өтуде. "Наурыз думан" деген атаумен өткен іс-шарада оқырмандар назарына көрме-мерекесі ұйымдастырылып, барлық тілек білдірушілер мерекенің дәмін ашуға көмектесетін кітаптарды ғана емес, сонымен қатар ұлттық киімдермен селфи жасап, фотосуретке түсті. "Нұр Наурыз – халық тойы" ұлттық ойындарына арналған іс-шара бүгін "әлеуметтік қызмет көрсету орталығының" тәрбиеленушілері үшін өтті. Мерекеге қатысушылар қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысып, ұлттық ойындар ойнады. Мереке барлық қатысушыларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл сыйлады. Мереке соңында балалар шеберлік сабағында "Қызғалдақтар" деген атаумен аталатын мерекелік ашықхаттар жасап, «Шашу» дәстүрінен дәм татып, қуанып қайтты. С давних времён у восточных народов существует праздни…

0
0
329

Наурыз мейрамы апталығы: Көрісу күні

Күн мен түннің теңеліп, Самарқанның көк тасы еритін мұсылман халқының жаңа жылы Наурыз мейрамы жақындап қалды. Халық Наурызды 14 наурыздан бастап 15 күн тойлаған.Біздің кітапханада да Наурыз мейрамын тойлау бүгіннен басталды. Бізде бүгін Көрісу күні. 14 наурыз қазақта көрісу күні, амал мерекесі. Бұл күні қазақ халқы бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілеп жатады.Іс-шараға Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия-интернатының 6 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара басында балалармен Көрісу салтын жасадық. Балаларға Наурыз мейрамы туралы қызықты деректер айтылып, викториналық сұрақтар қойылды. Содан кейін барлық қатысушылар ата-бабалардың салтын еске түсіріп, 1 метрлік киіз үй құрды. Киіз үйдің сүйегін, жабдықтарын еске түсірді. Киіз үйді толық құрып, балалар жа…

0
0
372