Жұмыспен қамту орталығы электронды еңбек биржасы туралы жұмыс берушілердің есіне салады
Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы www.enbek.kz мемлекеттік электрондық еңбек биржасының порталына тіркелуге қатысу үшін мегаполистің жұмыс берушілерімен белсенді жұмыс жүргізеді. Орталықтың мамандары 100-ден астам ұйымды аралады.
Бүгінгі күні www.enbek.kz порталында бүкіл Қазақстаннан 82 000 мыңнан артық жұмыс берушілер тіркелген. Порталды пайдалану үшін жұмыс беруші жеке кабинетін тіркеуі қажет және әрі қарай бос жұмыс орындары туралы ақпаратты жариялай алады. Тіркеу тегін.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V Заңына (әрі қарай – Заң) сәйкес (04.07.2018 ж. жағдайына өзгер тулер мен толықтырулармен бірге)жұмыс беруші міндетті: Заңның 28-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес бос жұмыс орындары туралы мәлімет (бос қызмет орны) ұсынады, ал атап айтқанда, Жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «www.enbek.kz электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы бос жұмыс орындарының бар екендігі туралы жұмыс орнына келу күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде еңбек және төлем шарттарын көрсете отырып мәлімет жіберіңіз.
Электронды еңбек биржасы порталының көмегімен:
жеке кабинетін тіркеуі және бос жұмыс орындарды орналастыруы;
түйіндемелер мәліметтерінің базасына онлайн-мүмкіндік алуы;
берілген белгілерге сәйкес (өңірі, лауазымы, жұмыс тәжірибесі және т.б.),жіберілімдерге жазылуы және өз электронды мекенжайыңызға немесе Telegram мессенджеріңізге түйіндеме порталында қайтадан жарияланған жарияланымдарға жазылуы;
Халықты жұмыспен қамту орталығына ағымдағы бос жұмыс орындары туралы мәліметті онлайн режимінде беруі;
әңгімелесуде шақыртулар мен жауаптар режимін пайдалана отырып, жұмыскерлерді табуы мүмкін.
