Шаруасы шалқыған қожалық
Жуырда «Nur Otan» партиясы Алакөл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Көкебаев аудандағы шаруасы шалқыған шаруа қожалықтарын аралап, олардың тындырымды жұмысымен қожалық өкілі Назымбек Мырзалиев таныстырды. Өңірдегі ірі шаруашылықтың бірі – «Ырыс». Бұл шаруашылықтың негізгі кәсібі – Зеңгі баба төлін өсіру. Бүгінде «Ырыс» шаруашылығында 1000 бас мүйізді қара бар. Оның 200 басы бордақыға орналастырылған. Шаруашылық жұмысын дөңгелету үшін 6 пайыздық мөлшермен 100 млн. теңге несие алған. Шаруашылық жем-шөпті өздері даярлайды, сол үшін де 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Мұнан бөлек, мемлекеттен 3 млн. субсидия алып отыр. Бір қызығы шаруашылық бүгінде ет өнімін базар бағамынан төмен бағамен өз сауда нүктелерінде сатады. Жылына 130-150 тонна ет өндіретін қожалық дайын өнім өнд…



