Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партиялық тізімде әйелдер қауымы 2 есеге артты

Конференцияның күн тәртібіне сай:

«Nur Otan» партиясының Алматы облысы Талдықорған қаласы бойынша Сайлауалды бағдарламасы бекіту, Алматы облыстық мәслихатына пікірсайыс қорытындысы бойынша кандидаттарға дауыс беру, «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Талдықорған қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізім бекітілді.Сонымен қатар, қалалық сайлауалды штаб төрағасы, орынбасарлары таныстырылды.

Конференцияға Талдықорған қалалық партия филиалының төрағасы Ғ.Әбдірайымов, қалалық партия филиалының төрағасының бірінші орынбасары А.Жазықбаев және бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатысты.

Праймеризде жоғары дауыс жинаған 16 кандидат Мәжіліс және облыстық тізімге үміткер ретінде өзара ашық пікір таласқа түсіп,нәтижесінде басым дауыс жинаған 8 кандидат облыстық конференцияға жолдама алды. Сонымен қатар, делегаттардың дауыс беруі, қажетті техникалық жабдықтармен жасақталған 6 кабинкада берілді.

Айта кетерлігі, партиялық тізім бойынша жастардың құрамы 6 есеге немесе 22% артты. Жас ерекшелігі 7 жасқа жасарып, 44 жасты құрап отыр.

0
0
242

Осы тақырып бойынша