Сапалы білім - ертеңіміздің кепілі
Қазіргі таңда ағылшын тілін оқытуда әртүрлі әдістер қолданылып келеді. Дүние жүзінде ағылшын тілін тиімді үйрету мақсатында жаңа методикалар қолданылатыны бәрімізге мәлім. Сонымен қатар, ЖОО-да жоғарыда аталған теория пән ретінде жүргізіледі. Әлем ЖОО-дарымен қатар Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Шет тілін үйретудің заманауи әдіснамасы » пәні енгізілген. Бұл пәннің ерекшелігі – университет студенттері сабақтарын өте қызықты түрде өткізетін, шәкірттердің нәтижесіне бағыттала алатын маман ретінде қалыптасады. Біз ҚазҰУ -дың «Филология және әлем тілдері» факультеті «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 1-курс магистранттары жоғарыда аталған пәнді небәрі үш айдың ішінде біршама біліп үлгердік. Осы пәннен біздің тобымызға дәріс жүргізетін доктор PhD Жамбылқызы Марина шәкіртт…