Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сапалы білім - ертеңіміздің кепілі

Қазіргі таңда ағылшын тілін оқытуда әртүрлі әдістер қолданылып келеді. Дүние жүзінде ағылшын тілін тиімді үйрету мақсатында жаңа методикалар қолданылатыны бәрімізге мәлім. Сонымен қатар, ЖОО-да жоғарыда аталған теория пән ретінде жүргізіледі.

Әлем ЖОО-дарымен қатар Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Шет тілін үйретудің заманауи әдіснамасы » пәні енгізілген. Бұл пәннің ерекшелігі – университет студенттері сабақтарын өте қызықты түрде өткізетін, шәкірттердің нәтижесіне бағыттала алатын маман ретінде қалыптасады.

Біз ҚазҰУ -дың «Филология және әлем тілдері» факультеті «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 1-курс магистранттары жоғарыда аталған пәнді небәрі үш айдың ішінде біршама біліп үлгердік. Осы пәннен біздің тобымызға дәріс жүргізетін доктор PhD Жамбылқызы Марина шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, сапалы білім беруде. Оқытушының дәрістерінен жаңа методикаларға байланысты біраз мәліметтерді үйренгеніміз рас. Соның ішінде әдістемеден бөлек, әртүрлі сабақ түрлерімен, дағдылар түрімен таныстық.

Аталған дәрістердің куәсі ретінде тобымызда бүгін желтоқсан айының 20-ы күні «Power of words» атты ашық сабағы өтілді. Сабақ барысында оқытушы тақырыпты ашып түсіндірді. Топ студенттерін қызықты мәліметтермен баурап алды. Сонымен қатар, студенттер қосымша дайындап келген мәліметтерімен бөлісті. Әр студент бір-бірінің дайындап келген тапсырмаларымен алмасты. Сабақ соңында кішкене дебат жүргізіліп, студенттер әрқайсының жұмыстарына өз пікірлерін білдірді. Шәкірттер тақырыпты толық меңгерді деуге негіз бар.

Сабақ өте жоғары деңгейде өтті деп айта аламыз. Себебі сабақ барысында оқытушы өз шеберлігін көрсете алды. Шәкірттер де белсенді қатысып, берілген теорияны практика жүзінде қолдана білді.

Біз ҚазҰУ магистранттары еліміздегі осынау ең үздік ЖОО-ында білім алып жатқанымызды мақтан тұтамыз. Себебі, біз бұнда терең білім алып қана қоймай, оны іс жүзіндеде қолдана білудеміз.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология және әлем тілдері факультетінің бірінші курс магистранты: Айдарбекова Алия

Ғылыми жетекшісі: PhD доктор Жамбылқызы М.

0
0
715

Осы тақырып бойынша

Сапалы білім - ертеңіміздің кепілі - Yvision.kz