aktau.nurotan.kz
@aktau.nurotankz
Официальный филиал партии "Nur Otan" города Актау Мангистауской области
рейтинг
250
жазбалар
2 642
пікірлер
0
тіркелуші
23
жазылымдар
59
рейтинг
250
жазбалар
2 642
пікірлер
0
тіркелуші
23
жазылымдар
59
«Менің Отаным» онлайн сурет байқауы
«Nur Otan» партиясы Бейнеу аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес балалардың тіл байлығын дамыту, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу мақсатында «Менің Отаным» онлайн сурет байқауы өтті.
Кандидаттардың қалалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды онлайн қабылдау
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру
30 желтоқсан күні сағат 10:00 кезінде Ақтау қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер Зарипа Шолтанова сенімді өкілі Артур Еркімбаев "NurOtan" партиясы АҚФ Facebook ресми парақшасынан тікелей эфир өтетінін хабарлаймыз.
Эфир кезінде үміткер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша сөз сөйлейді.
"Есіктен-есікке" акциясы
"Есіктен-есікке" акциясы аясында Есенбай Қалдаманов ағамның шаңырағында болдым.
Есенбай ағамыз қалалық мәслихаттың депутаты, Облыстық "Мерейлі отбасы" байқауының жүлдегері, меценат, өңірдегі беделді ағаларымыздың бірі.
Сөз арасында қазіргі қоғамның дамуы, адамгершілік, жастар мәселесі тақырыбында әңгіме қозғадық.
Есенбай ағамыз партияны қолдайтындығын, партияға дауыс беруге елді үгіттейтінін жеткізді.⠀
Қазақта "Бір жерге бара қалсаң, бір шыны кесе шәй беретін үйің көп болсын" дейді. Енді, Өзенге келсем ағамның бір үйі бар деп айта жүретін боламын.
#NurOtan #Bizbirgemiz
Наурызбек Мағдатов

"Жаңаөзен" ойын-сауық орталығында қала тұрғындарымен кездесу
Жаңаөзен қаласындағы іс сапар барысында "Жаңаөзен" ойын-сауық орталығында қала тұрғындарымен кездестім.
Тұрғындардың көпшілігі бізді жақсы қабылдады. Барлық тұрғында жаңа-жылдық көңіл-күй. Бірі сыйлық алса, бірі азық-түлік алып, асығыс жүрген бір адам.
Сатушы тұрғындарға осыған дейінде үгіт акциясы өткен. Арасында бір жаспен сөйлесіп қалдым Nur Otanпартиясының үгіт науқаны жақсы өтіп жатыр. Қайта-қайта келіп дауыс беруге шақырып жүрсіздер ғой" дейді
Шынында да партия әр саланың тұрғындарымен кездесіп, үгітті белсенді жүргізіп келеді. Сондықтан да, жеңіс біздікі.
#NurOtan #Bizbirgemiz
Наурызбек Мағдатов


Салауатты өмір салты – жарқын болашақтың кепілі!
"Nur Otan" АҚФ сайлауалды штабы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен және спортшылардың қолдауымен "Біз таңдауымызды жасадық" шарасы өткізілді.
"Маңғыстау -Арена" спорт кешенінде жаңа жыл қарсаңында ардагер волейболшылар арасында өткізілген турнирге 10 команда қатысты.
Шара спортты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.
Іс-шара барысында карантиндік шектеулер қатаң сақаталды.


Ауыл ақсақалы, еңбек ардагері Аманғали Күзенбаевпен кездесу
Ақкетікте сондай-ақ ауыл ақсақалы, еңбек ардагері Аманғали Күзенбаевтың шаңырағында болдым. Ақсақал бұрын үлкен жауапты қызметтерде болған. Аймақтың, ауданның тыныс-тіршілігінен хабардар. Өткені мен бүгінін бағамдап, қаланың келешігіне қатысты да ойларын ортаға салды. Әсіресе маған Аманғали ағаның Форт-Шевченко қаласындағы туризм мен балық шаруашылығын дамытуға қатысты келелі ойлары ұнады. Форт-Шевченко-Ақтау-Красноводск бағытында жолаушылар таситын кемелерді шығару арқылы өңір туризміне тың серпін беруге болады дейді. Расында туризм саласы қарқында дамып келе жатқан Маңғыстау үшін туристерді Каспиймен шектесетін елдерден тартуға болады. Оның үстіне Түпқараған төңірегінде көптеген табиғи керемет жерлер Жығылған, Тамшалы, Саура т.б орналасқан.Ақсақалдың аманатын арқалап, тілегін-ескертпесі…
Медицина саласында өмір бойы қызмет атқарған Гүлжихан апамызбен кездесу
Медицина саласында өмір бойы қызмет атқарған Гүлжихан апамыз жан-жақты сауатты кісі екен. Қазіргі күні еліміздегі, өлкеміздегі мәселелерді де айтты, жетістіктерді де тізбелеп шықты.Жалпы, ауыл дәрігері мен ауыл мұғаліміне айырықша назар керек. Ауыл дәрігерінің айлығы аз, ал көретін қиындығы қала дәрігерімен тең, тіпті көп. Сондықтан, ауыл дәрігеріне үстеме ақы төленуі керек деп санаймын, жүрген жерімде айтып жүрмін, барар болсам о жерде де айтамын деп ойлаймын.Гүлжиһан апай мынадай мәселелерді баса айтты. Біріншісі - аудандық ауруханаға инфекциялық блок қажет, әсіресе, бұл мәселе кешегі пандемия кезінде қатты байқалды.Алтыншы ауылда салынып жатқан поликлиниканың құрылысы да созылып кетті, сырқат көп, аурухана керек. Алда не жағдай боларын кім білген?!Сосынғы мәселе, аудандық ауруханадағы…
Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстары
"АЙКОМ LTD" да Ақтаудың құрылыс нарығында өз салмағы, өз орны мен өз биігі бар мекеме. Басшысы өзімнің інім, шәкіртім Иса Бимырзаев.
Исаның өзі де облыстық мәслихатқа үміткер. Партиямыздың бағдарламасын екеулеп әдемілеп жеткіздік. Сұрақтар қойылды, жауап бердік. 10 қаңтар күні болатын үлкен додаға шақырдық, Нұр Отанға дауыс беруге шақырдық.
Өзімнің іні-досым құрып, басқарып келе жатқан мекемені келе жатқан Жылмен құттықтап, табыстар тіледім!
#NurOtan
#Сапарбаян
#СаматМусабаев
#Бізбіргеміз
#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

