Медицина саласында өмір бойы қызмет атқарған Гүлжихан апамызбен кездесу
Медицина саласында өмір бойы қызмет атқарған Гүлжихан апамыз жан-жақты сауатты кісі екен. Қазіргі күні еліміздегі, өлкеміздегі мәселелерді де айтты, жетістіктерді де тізбелеп шықты.
Жалпы, ауыл дәрігері мен ауыл мұғаліміне айырықша назар керек. Ауыл дәрігерінің айлығы аз, ал көретін қиындығы қала дәрігерімен тең, тіпті көп. Сондықтан, ауыл дәрігеріне үстеме ақы төленуі керек деп санаймын, жүрген жерімде айтып жүрмін, барар болсам о жерде де айтамын деп ойлаймын.
Гүлжиһан апай мынадай мәселелерді баса айтты. Біріншісі - аудандық ауруханаға инфекциялық блок қажет, әсіресе, бұл мәселе кешегі пандемия кезінде қатты байқалды.
Алтыншы ауылда салынып жатқан поликлиниканың құрылысы да созылып кетті, сырқат көп, аурухана керек. Алда не жағдай боларын кім білген?!
Сосынғы мәселе, аудандық ауруханадағы компьютерлік томографтың мәселесі. Аппарат су жаңа, маман оқып, білімін көтеріп келді. Тек аппараттың құжаты ғана дұрыс емес.
Зейнетке шыққанына қарамастан аудандағы денсаулық сақтау саласының тынысын қалт жібермей бақылап отырған Гүлжиһан апайға риза болдым.
Асыл ананың, абзал жанның ақ тілегін тыңдап, ағарғаннан дәм татып әрі қарай аттандық.
Nur Otan
#NurOtan
#Сапарбаян
#СаматМусабаев
#БізБіргеміз
#ЖеңіскеБіргеЖетеміз


