Ауыл ақсақалы, еңбек ардагері Аманғали Күзенбаевпен кездесу
Ақкетікте сондай-ақ ауыл ақсақалы, еңбек ардагері Аманғали Күзенбаевтың шаңырағында болдым. Ақсақал бұрын үлкен жауапты қызметтерде болған. Аймақтың, ауданның тыныс-тіршілігінен хабардар. Өткені мен бүгінін бағамдап, қаланың келешігіне қатысты да ойларын ортаға салды. Әсіресе маған Аманғали ағаның Форт-Шевченко қаласындағы туризм мен балық шаруашылығын дамытуға қатысты келелі ойлары ұнады. Форт-Шевченко-Ақтау-Красноводск бағытында жолаушылар таситын кемелерді шығару арқылы өңір туризміне тың серпін беруге болады дейді. Расында туризм саласы қарқында дамып келе жатқан Маңғыстау үшін туристерді Каспиймен шектесетін елдерден тартуға болады. Оның үстіне Түпқараған төңірегінде көптеген табиғи керемет жерлер Жығылған, Тамшалы, Саура т.б орналасқан.
Ақсақалдың аманатын арқалап, тілегін-ескертпесін түртіп алдым. Зейнетке шықса да елдің ертеңіне бей-жай қарамайтын осындай адамдардың азаматтығына, қажыр-қайратына қайран қалмасқа және алғыс айтпауға болмайды.
“Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз”.
Nur Otan
#NurOtan
#Сапарбаян
#СаматМусабаев
#БізБіргеміз
#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

