aktau.nurotan.kz
@aktau.nurotankz
Официальный филиал партии "Nur Otan" города Актау Мангистауской области
рейтинг
250
жазбалар
2 642
пікірлер
0
тіркелуші
23
жазылымдар
59
рейтинг
250
жазбалар
2 642
пікірлер
0
тіркелуші
23
жазылымдар
59
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінен
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінен
Ардақты ағайын!
Сіздерді барша арманымыздың асқары, бақытымыздың бастауы болған ұлық мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осыдан 29 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы дүйім дүниеге тәуелсіздігімізді жария етіп, мәңгілік ел болуға бел будық. Сондықтан, тарихи оқиғалар тоғысқан 16 желтоқсан біз үшін тамыры терең қастерлі күн! Әбіш ағамыз айтқандай: «Тәубемізден жаңылмасақ, тәуекелімізден тайынбасақ, тәуелсіздігіміздің тасы өрге домалайды. Бірақ бұл - Тәуелсіздік - тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік»... Тірегі – тұрақтылық, тілегі – татулыққа негізделген Қазақ елінің бірлігі берік, бейбіт өмірі мәңгі болғай!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын! Мерейлі мерекеміз құтты болсын!
Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов
"Қазақ газ өңдеу зауытынан" қала аумағына қосымша газ тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылуда.
Ақтау қаласының әкімдігі қаланы сұйытылған газбен қамтамасыз ету үшін келіссіздер жүргізді.
Жаңаөзен қаласындағы "Қазақ газ өңдеу зауытынан" қала аумағына қосымша газ тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылуда.
Атап айтсақ, Ақтау қаласына 16 желтоқсан күні 157 тонна газ әкелінді, 17 желтоқсан күні барлығы 187,3 тонна газ әкеліну жоспарға қойылған.
17 желтоқсан күні таңертеңгі мониторинг нәтижесінде қала аумағында 24 газ құю станциялары жасап тұр.
Мұнайлы ауданына бүгін 33 тонна сұйытылған газ жеткізіледі
17.12.2020 күні Мұнайлы аудан аумағында орналасқан автокөліктерге газ құю бекеттеріне 33 тонна сұйытылған мұнай-газ өнімі келеді.Мониторинг жүргізу барысында аудан бойынша 17 автокөліктерге газ құю бекеттері жұмыс жасап тұрғандығы анықталды және келесідей ақпаратты ұсынамыз.Мұнайлы ауданы бойынша;1 ИП Атбулак Талон2 ИП Матаев Ж. 17 кезек саны, 60 теңге3. ИП Нурбы Талон4 ЖК Сарбаев Б. 12 кезек саны, 60 теңге5 ЖК Оспан С. 8 кезек саны, 55 теңге6 ЖК Хасниязова И. 10 кезек саны, 58 теңге7 ЖК Дүйсебеков Н. 3 кезек саны, 58 теңгеҚызылтөбе ауылдық округі8 ИП Айтбаев Ж. 19 кезек саны, 58 теңге9 ТОО АДМ Газ 20 кезек саны, 50 теңге10 ТОО АДМ Газ Талон11 ИП Аджигалиева К. ТалонБасқұдық ауылдық округі12 ИП Картбаева Д.Ж. 16 кезек саны, 58 теңге13 ИП Маулимов Т 20 кезек саны, 58 теңгеАтамекен ауылдық…
Ақтауға қосымша газ тасымалдау жұмысы жалғасуда
“Nur Otan” партиясының бастамасымен кешеден бері Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қаланы сұйытылған газбен қамтамасыз ету жұмыстарының нәтижесін бақылау мақсатында газ құю бекеттерін аралап шықты.
Бүгінгі мониторинг нәтижесінде қала аумағында 26 газ құю бекеті жұмыс жасап тұр. Газ құю бекеттерінде кезекте тұрған көліктер саны азайғаны байқалды.
Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтау қаласына 17 желтоқсан күні жоспар бойынша 187,3 тонна сұйытылған газ әкелінуі тиіс болған. Бұл жоспар асыра орындалып, қалаға 220,8 тонна газ әкелінді.
Бүгін де қалаға 158 тонна сұйытылған газ әкелінуі жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысы әкімдермен кеңес өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен кеңес өткізді.
Жиында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу мәселелері талқыланды.
Президент бұған дейін берілген тапсырмалардың атқарылуы жайындағы әкімдердің есебін тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың басшыларына пандемия жағдайында халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.
Жиын соңында Мемлекет басшысы әкімдерге аймақтарды дамытудың, халықтың тұрмысын жақсартудың өзекті мәселелерін шұғыл шешу, сондай-ақ, Жұмыспен қамту жол картасын тиісті деңгейде жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Мұнай газ нарығы бойынша жиналыс өтті.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғ. Ниязовтың және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнайгаз-химиясы департаментінің басшысы З. Қияқбаевтың төрағалылығымен сұйытылған мұнай газ нарығы бойынша жиналыс өтті.Сонымен қатар, жиналысқа қала және аудан әкімдіктері, Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімді қалыптастыру жөнінде комиссия мүшелері, "IT TECH PARK" ЖШС (Алан Трэйд сауда алаңы), "Сұйытылған мұнай газ сақтау паркі" ЖШС, "TanaGasCom" ЖШС, "АвтогазТрэйд" ЖШС, "АДМ ГАЗ" ЖШС, "SK LTD KZ" ЖШС газ желісі ұйымдарының өкілдері қатысты.Жиында «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Маңғыстау облысындағы филиалы, "АссоциацияОзенавтогаз" заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігінің, "АссоциацияМунайлыавтогаз" жеке кәсіпкер бірлесігінің ж…
Жер қойнауы – Қазақстанның меншігі және бұған ұқыптылықпен қарау қажет
Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов «Дұңға, «Қаражанбас», «Бозащы», «Қаламқас» кен орындарында, сондай-ақ Ақтау машина жасау зауытында болып, кәсіпорындардың өндірістік қызметімен танысты.Сапар барысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов өңірдегі мұнай-газ жобаларының басшыларымен кездесулер өткізді.Министр жер қойнауын пайдаланушылардың басты міндеті – жер қойнауына ұқыпты қарау қажет екенін атап өтті.- Сіздер аукциондар арқылы жер учаскелерін шексіз уақытқа сатып алмайсыздар, белгілі бір мерзімге тек жер қойнауын пайдалану құқығын сатып аласыздар. Кен орнының байлығы сол немесе басқа компанияның кетуімен аяқталмауы тиіс, өндіру тұрғысынан саналы көзқарас қажет, деп атап өтті министр.Қазақстандағы м…