Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақтауға қосымша газ тасымалдау жұмысы жалғасуда

“Nur Otan” партиясының бастамасымен кешеден бері Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қаланы сұйытылған газбен қамтамасыз ету жұмыстарының нәтижесін бақылау мақсатында газ құю бекеттерін аралап шықты.

Бүгінгі мониторинг нәтижесінде қала аумағында 26 газ құю бекеті жұмыс жасап тұр. Газ құю бекеттерінде кезекте тұрған көліктер саны азайғаны байқалды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтау қаласына 17 желтоқсан күні жоспар бойынша 187,3 тонна сұйытылған газ әкелінуі тиіс болған. Бұл жоспар асыра орындалып, қалаға 220,8 тонна газ әкелінді.

Бүгін де қалаға 158 тонна сұйытылған газ әкелінуі жоспарланып отыр.

Осы тақырып бойынша

Ақтауға қосымша газ тасымалдау жұмысы жалғасуда - Yvision.kz