Перейти к содержимому
aktau.nurotankz

aktau.nurotan.kz

@aktau.nurotankz

Сайтта 2020 ж. 4 қарашаКазахстан, Актау

Официальный филиал партии "Nur Otan" города Актау Мангистауской области

рейтинг

250

жазбалар

2 642

пікірлер

0

тіркелуші

23

жазылымдар

59

Ел азаматтары «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Облыс әкімі Серікбай Трұмов әлемдік деңгейде жарияланған пандемия кезінде ел жанынан табылып, көмек қолын созған, атымтай жомарт азаматтарды қабылдап, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларындағы, сондай-ақ пандемияға қарсы күрестегі қажырлы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық алғысы» медалімен марапаттады. Олар: «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Ізмұханов Қалбай Әжімбайұлы, «СМК-4» ЖШС директоры Мұсабаев Самат Базарбайұлы. «Ақ жол Құрылыс» ЖШС бас директоры Жолдыбаев Асылбек Тұрарұлы, «Айком» ЖШС директоры Бимырзаев Иса Ибрайымұлы, «Альянс ЛТД» ЖШС иректоры Керелбаев Асқарбек Сайынұлы, «ForteBank» АҚ облыстық филиалының директоры Өрісбаев Абат Жәңгірханұлы, «Ақтау НШ» ЖШС директоры Күншығаров Нұрбек Шауқарбайұлы, «Алтын Құрық»…

0
0
185

Қымбатты маңғыстаулықтар!

Төрімізге еніп, шуағын шашқалы тұрған 2021 жыл құтты болсын!Өтіп бара жатқан жыл күллі әлем жұртшылығы үшін оңай болмады.Бірақ біз ел болып қиындықты еңсере білдік. Ауызбіршілігіміздің арқасында азаматтарымыз Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, мемлекетіміздің ғұмырлы болуына аянбай ат салысты. Індеттің өршіп тұрған шағында медицина мамандары, полицейлер, әскерилеріміз алғы шептен табылып күні-түні тер төкті. Сонымен қатар, ерікті түрде елге қызмет еткен барша азаматтарға облыс халқының атынан алғысымды айтамын!Пандемия індеті әкелген қауіп-қатер, қайғы-қасірет, өткен жылдың барлық ауыртпалығы ескі жылмен бірге кетсін!Баршамызды алда келе жатқан Жаңа жыл қуаныш пен бақытқа бөлеп, бастаған ісіміз оң, ырыс-берекеміз мол болғай!Еліміз өсіп-өркендеп, тәуелсіздігіміз нығая берсін!Жаңа жылымыз жақсылық…

0
0
137

Партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары

Сенімді өкілдерім күнде Партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп жүр. Нәтижесінде бүгін Ақтау қаласы, 14 ш/а орналасқан “Астана” сауда орталығында болып, тұрғындармен кездесті.

Сондай-ақ Акция барысында қала тұрғындарын халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталған 2025 жылға дейінгі бағдарламамен таныстыру үстінде.

#BizBirgemiz

#NurOtanғадауысбер

#Sailau2021

Ospan Kazakhbayev

0
0
104

Партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау

Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «Nur Otan» партиясы еліміздегі басты саяси күшке айналды. Осы жылдары партия ішкі тұрақтылықтың тірегі болып, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай жұмыс істеп келеді.»

Осы орайда бүгін менің сенімді өкілдерім 9 ш/а орналасқан “Ардагер” сауда орталығында болып, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді.

Партия үшін қарапайым халықтың мүддесі ең бірінші орында тұрады. Халықтың мәселесін шешу жолында ұсыныстар қабылдап, әрекет етуге дайынбыз.

Ospan Kazakhbayev

Партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау

Бүгін Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылындағы сенімді өкілім бірқатар ақсақалдардың үйінде болды.

Соның бірі ауыл шаруашылығы саласының ардагері 78 жастағы Нәсіпхан ақсақал.

Партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттап, аудан көлемінде алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары туралы баяндап берді. Өз кезегінде ардагерлер партияның жаңа бағдарламасына ризашылықтарын білдірді.

"Қазір елімізде қандай да бір істің басы қасында жүрген жалғыз ғана партия, Nur Otan деп білеміз. Осы жолғы бағдарламасы да көңілге қонымды. Әрбір науқан сайын жоспарлаған бағдарламаларын жүзеге асырып, ел-халықтың сенімін ақтап келеді"-деді ақсақал

#BizBirgemiz!

#NurOtan

#JenimpazBol

Ospan Kazakhbayev

0
0
146

"ҚазТрансОйл" АҚ бөлімшесінің қызметкерлерімен кездесу

"Nur Otan" партиясының сайлау алды бағдарламасын түсіндіру мақсатында бүгін Бейнеу ауданындағы сенімді өкілім Борашев Рәббім Байбозұлы, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Жұбанов Сағатбек сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мансуров Қуан, Ережепов Роллан Бейнеу ауданындағы "ҚазТрансОйл" АҚ бөлімшесінің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында партияның атқарған жұмыстарымен, сайлау алды бағдарламасы таныстырылып сұрақтармен ұсыныстар тыңдалды. Алдағы 10 қаңтарда өтетін сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

#BizBirgemiz!

#NurOtan

#JenimpazBol

Ospan Kazakhbayev

0
0
138