Перейти к содержимому
aktau.nurotankz

aktau.nurotan.kz

@aktau.nurotankz

Сайтта 2020 ж. 4 қарашаКазахстан, Актау

Официальный филиал партии "Nur Otan" города Актау Мангистауской области

рейтинг

250

жазбалар

2 642

пікірлер

0

тіркелуші

23

жазылымдар

59

Бейне конференциялық байланыс арқылы тұрғындармен жеке қабылдау

Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов бейне конференциялық байланыс арқылы тұрғындармен жеке қабылдау өткізді. Әкіммен жүздескен Бейнеу ауданының тұрғыны кәсіпкерлікпен айналысу үшін жер телімін алу мәселесін көтерді. Сонымен қатар, ұңғыма жұмыстарын жүзеге асыратын серіктестік директоры өңірдегі мұнай копаниясы келісілген шартты бұзғаны бойынша көмек сұрады. Тұрғындарды жан-жақты тыңдаған аймақ басшысы мал шаруашылығымен айналысқысы келетін тұрғынға қолдау көрсетуді тапсырды.Ал, ұңғыма жұмыстарымен айналысатын серіктестіктің мәселесі заң аясында белгілі тәтіппен шешілетіні айтылды.

0
0
157

Мұнайлыда жедел жәрдем автопаркі жаңа 11 көлікпен толықты

Мұнайлыда жедел жәрдем автопаркі жаңа 11 көлікпен толықты

Маңғыстау облысы жедел жәрдем стансасының Мұнайлы ауданындағы бөлімшесіне 11 жаңа көліктің кілттері табысталды. Шараға аудан әкімі Рахат Елтизаров, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Мырзақұлов, аудандық орталық емхана ұжымы қатысты.

Айта кету керек, бұл көліктер өте ыңғайлы, заман талабына сай, арнайы жабдықтармен қамтылған. Атап айтқанда қосымша реанимациялық бағыттағы, яғни инсульт алғандарға, жүрек талмысына шалдыққандарға жылдам көмек көрсету мүмкіндігі қарастырылған. Бұл медиктердің алтын уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Оның үстіне аудан халқының саны күннен санап өсіп келеді.

0
0
171

«Бір мемлекет, бір тіл»

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында және 1 желтоқсан – Қазақстан Республиқасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Маңғыстау облыстық жастар қозғалысы «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының белсенді мүшесі Джамалай Элимханов жиынға катысып «Бір мемлекет, бір тіл» - деген баяндамасын атап өтті.

Жиын соныңда Джамалай Элимханов, елдегі қоғамдық келісімді нығайтуға, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін мерейтойлық медалімен наградталды.

0
0
147

Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов «AQTAU TV» телеарнасына барды.

Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов «AQTAU TV» телеарнасына барды. Өңір басшысы жаңа медиа орталықтың ұжымымен кездесіп, жұмысымен танысты. Телеарна директоры Әнуарбек Бимағамбет тележобалар және алдағы жоспарлары туралы баяндады. Аймақтағы телевизия саласының ардагері Қожахмет Демеубергенұлы жаңа ұжымға сәттілік тілеп, батасын берді.«AQTAU TV» телекомпаниясы – «CASPIAN MEDIA SERVICE» ЖШС құрамындағы жекеменшік жаңа медиақұрылым. Телеарна 2019 жылы 18 қазан айында эфирге қосылды. Цифрлы телевизизиялық тарату жүйесі арқылы облыстың 70 %-ына хабар таратады. Соның ішінде, Ақтау қаласы мен оның маңайындағы елді мекендерді,Түпқараған ауданының Ақшұқыр, Сайын ауылдарын және Мұнайлы ауданын тұтас қамтиды.Телеарнаның тарату кестесіне сәйкес үздіксіз эфир уақыты – тәулігіне 19 сағат. Мемлекеттік ті…

0
0
155

Тағайындау

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов аппараттық жиында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығын ұжымға таныстырды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметіне Мұханов Мұрат тағайындалды. Мұрат Сейтмолдаұлы 1985 жылы Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2006 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген, 2020 жылы РФ Азаматтық қорғаныс, ТЖ және табиғи апаттардың салдарын жою істері жөніндегі министрлігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетін тәмамдаған.Еңбек жолын Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған. 2006 жылдан 2010 жылға дейін мемлекеттік өртті бақылау бағыт…

0
0
125

Түпқарағанда Мұрын жырау музейі ашылды

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов жұмыс сапарымен Түпқараған ауданына барды. Өңір басшысы Форт - Шевченко қаласында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі аясында «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы» музейінің ашылу салтанатына қатысты. Қазақстан Республикасының Ұлттық музей қорының бір бөлігі болып табылатын музейде жыраудың барлық шығармашылығы жинақталған. Сонымен қатар, «Қырымның қырық батыры» жырын тұтастай жырлап өткен көрнекті суырып салма ақынның өмірі мен шығармашылығынан алынған бірегей экспонаттар қойылған. Мұражай Мұрын жыраудың өзі тұрған үйдің жанында тұрғызылған. Үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ол мұражайдың тағы бір көрнекті жері ретінде пайдаланылады.Аймақ басшысы аудан тұрғындарын еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жаңа…

0
0
236