Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мұнайлыда жедел жәрдем автопаркі жаңа 11 көлікпен толықты

Мұнайлыда жедел жәрдем автопаркі жаңа 11 көлікпен толықты

Маңғыстау облысы жедел жәрдем стансасының Мұнайлы ауданындағы бөлімшесіне 11 жаңа көліктің кілттері табысталды. Шараға аудан әкімі Рахат Елтизаров, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Мырзақұлов, аудандық орталық емхана ұжымы қатысты.

Айта кету керек, бұл көліктер өте ыңғайлы, заман талабына сай, арнайы жабдықтармен қамтылған. Атап айтқанда қосымша реанимациялық бағыттағы, яғни инсульт алғандарға, жүрек талмысына шалдыққандарға жылдам көмек көрсету мүмкіндігі қарастырылған. Бұл медиктердің алтын уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Оның үстіне аудан халқының саны күннен санап өсіп келеді.

0
0
171

Осы тақырып бойынша

Мұнайлыда жедел жәрдем автопаркі жаңа 11 көлікпен толықты - Yvision.kz