aktau.nurotan.kz
@aktau.nurotankz
Официальный филиал партии "Nur Otan" города Актау Мангистауской области
рейтинг
250
жазбалар
2 642
пікірлер
0
тіркелуші
23
жазылымдар
59
рейтинг
250
жазбалар
2 642
пікірлер
0
тіркелуші
23
жазылымдар
59
"Nur Otan" партияның сайлауалды бағдарламасы.
Қалалық сайлауалды штаб мүшелері "КЖСА" МКК еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесуде ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттығына үміткерOspan KazakhbayevСенімді Өкілі Әженов Мұрат, қалалық депутаттыққа үміткерлерЕрген Сыражан және Бердіқода Боранбаевтың сенімді өкілі Еркін Қайдаров қызметкерлерді Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламасымен толығырақ таныстырып, ондағы басты бағыттарға тоқталып өтті.2025 жылға дейінгі "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" бағдарламасы аясында өңірде бірқатар жобаларды қолға алуды жоспарланған. Соның ішінде, азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі басты назарда. Ол үшін, партия алдағы 5 жылда 25 ауылда 620 шақырым болатын су құбырын, Кендірліден Жаңаөзен қаласына дейін сутаратқыштары бар су тұщыту зауытын, Форт- Шевченко қаласында теңіз суын тұщыту станциясын салуды жоспарлап от…
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалының мәжіліс залында кездесу
Бүгін "Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары, мәдениет және құрылыс бөлімі мамандарымен кездесу өтті. Кездесуге Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Б.Жүсіпов, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат А.Сарбалаев, А.Ордабаева, А.Жұмалиевтің сенімді өкілі О.Морханов қатысты. Жиында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, партияның жетістіктерімен бөлісіп, халықтың тұрмысы, денсаулығы, білімі басты назарға алынғанын жеткізді. Сондай-ақ 10 қаңтарда өтетін сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды. Сонымен бірге Тиген, Тасмұрын ауылдарына газ құбырын тартуға конкурс жүргізілуде деген жағымды жаңалықпен бөлісті.
#Bizbirgemiz
#NurOtan

Үгіт-насихат жұмыстары
Бүгін сенімді өкілдерім Ақтау қаласындағы “Заман” сауда орталығына жиналған көпшілікпен экспромт-кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындарға “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасы жазылған қағаздар таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Саудагерлер өздерін толғандырған бірқатар мәселелерге тоқталыпты. Үгіт-насихат жұмыстарына риза екенін айтып, жеңіс тілеп жатқандар да бар. Алғысымызды айтып, сайлауға қатысуға шақырдық,- дейді сенімді өкілдерім.
Nur Otan - ға дауыс бер! Жеңімпаз бол!
#NurOtan
#СаматМусабаев
#БізБіргеміз
#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов жұмыс сапарымен Маңғыстау ауданына барды.
Кеше Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов жұмыс сапарымен Маңғыстау ауданына барды. Өңір басшысы Шетпе ауылында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бірқатар әлеуметтік нысандардың жөндеу жұмыстарымен танысты. Источник: https://mangystaumedia.kz/kk/zhanalyktar/103551?fbclid=IwAR2GgC5CfBU6sgLrYqngouv2jN5xFPLPE8YtYWZNmekTYoVJaUJKKZ-7dHw
Маңғыстау облыстық сайлауалды қоғамдық қабылдау бөлмесінде қала тұрғындарын қабылдау
Бүгін Маңғыстау облыстық сайлауалды қоғамдық қабылдау бөлмесінде қала тұрғындарын қабылдап, мәселелерін тыңдадым.Алдымен қабылдауға ІІ топ мүгедегі Мәденов Бауыржан есімді азамат келді. Мәселесі тұрғын-үй бойынша екендігін жеткізді. Алда бірлесе жұмыстануға келісіп, сайлау өткесін өзімнің хабарласатынымды айттым.Екінші тұрғын Балашев Н.А ішкі істер министрлігінің қабылдауына қалай жазылатындығын сұрап, көмек сұрап келді. Министрлерге жеке қабылдауға партияның қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы, не болмаса ЭЦҚ арқылы өтініш қалдыруға болатынын жеткіздім.Кейінгі тұрғындар белсенді жастар болды. Жұмыссыздық, арнаулы оқу орны бойынша жатақханамен қамту бойынша өз өтініштерін айтып, көмек сұрады.Барлық мәселелер бір күнде шешімін таппайды, мемлекеттік органдар арқылы бірлесе жұмыс жасап мәселені…
Жаңаөзендегі жеке қабылдау
Бүгін қалалықNur Otan партиясының ғимаратында азаматтарды жеке қабылдауы өткіздім.
1. Джанузаков Асет, жұмысқа тұру мәселесі.
2. Қарамурзаева Қансұлу, Рахат аулы мен Жаңаөзен арасында маршрут көліктерінің уақытылы жүруін қамтамасыз ету.
3. Тұрарова Кермеқас, баласын басқа жұмысқа орналастыру.
4. Екібаева Күлпән, көмек керек.
5. Күмісбаев Дәулетбай, жұмыс керек.
6. Қозғараев Іздібай, баласын өз орнына жұмысқа алу жөнінде.
7. Рейімбайұлы Қаржаубай, баласын мұнай мекемесіне орналастыру, жұмысқа алмау жөніндегі мораторииді алып тастау.
Азаматтарға тиісті кеңестер мен ұсыныстар берілді.
#NurOtan
Nur Otan Маңғыстау облысы
Nur Otan Aktau
#edilzhangbyrshin


Ардагерлердің аманаты
Ардагерлер үйінде мәслихат депутаттығына үміткерлерЖулдыз Муханбеткаликызы мен Гулназ Болекбаева бірге Жаңаөзен қаласының ардагерлерімен кездестік.
Nur Otan партиясының бесжылдық бағдарламасын түсіндіргеннен кейін, қойылған сұрақтар:
1. Өңірдің су мәселесін шегу;
2. Сұйытылған газды шешу;
3. Қаладағы қоқыстарды уақытылы жинау;
4. Спорт алаңдарын жөндеу.
Қойылған сұрақтарға өз пікірлеріміз бен ұсыныстарымызды айттық.
Кездесу соңында ақсақалдар партияны қолдайтындарын айтып, баталарын берді.
#NurOtan
Nur Otan Маңғыстау облысы
Nur Otan Aktau
#edilzhangbyrshin
Т.Әбдірахманов ағамызбен кездесу
Ардагерлер үйінен шыққасын Т.Әбдірахманов ағамыз Еділ менің көлігімді көр деп шақырды. Барсам өңі кетпеген, сүйегі де мықты баяғы Кеңестің "Москвич 412" жеңіл көлігі тұр екен. Ағамызға туылған күніне балалары сыйлапты. Тонау Қарағанды қаласында тұратын бір шахтер шалдан сатып алыпты. 1976 жылғы, бар болғаны 54 мың километрдей жүріпті, почти су жаңа. Ішіне отырып едім, баяғы "советский" машинаның исі салонында аңқып тұр. Ештеңе өзгертілмеген, тіпті газ баллонда қойылмапты, бензинмен жүріп жүр екен. Нағыз раритет. Жалпы осындай көне технологиялардың әлі күнге дейін сақталып қалғаны дұрыс нәрсе. Бұл да өткен өмірдің мұрасы, біздің өшпес тарихымыздың бір бөлігі. Елімізде қазіргі таңда жаңа заманауи көліктер жасалуда. Қазақстан жүрген ескі раритет көліктерді жинақтап, бір мұражай жасаса, арасы…