Т.Әбдірахманов ағамызбен кездесу
Ардагерлер үйінен шыққасын Т.Әбдірахманов ағамыз Еділ менің көлігімді көр деп шақырды. Барсам өңі кетпеген, сүйегі де мықты баяғы Кеңестің "Москвич 412" жеңіл көлігі тұр екен. Ағамызға туылған күніне балалары сыйлапты. Тонау Қарағанды қаласында тұратын бір шахтер шалдан сатып алыпты. 1976 жылғы, бар болғаны 54 мың километрдей жүріпті, почти су жаңа. Ішіне отырып едім, баяғы "советский" машинаның исі салонында аңқып тұр. Ештеңе өзгертілмеген, тіпті газ баллонда қойылмапты, бензинмен жүріп жүр екен. Нағыз раритет. Жалпы осындай көне технологиялардың әлі күнге дейін сақталып қалғаны дұрыс нәрсе. Бұл да өткен өмірдің мұрасы, біздің өшпес тарихымыздың бір бөлігі. Елімізде қазіргі таңда жаңа заманауи көліктер жасалуда. Қазақстан жүрген ескі раритет көліктерді жинақтап, бір мұражай жасаса, арасында шерулер өткізсе бұл да бір туристерді тартатын бағыт болар еді.
Nur Otan
Nur Otan Маңғыстау облысы
Nur Otan Aktau
#edilzhangbyrshin
