Перейти к содержимому
aktau.nurotankz

aktau.nurotan.kz

@aktau.nurotankz

Сайтта 2020 ж. 4 қарашаКазахстан, Актау

Официальный филиал партии "Nur Otan" города Актау Мангистауской области

рейтинг

250

жазбалар

2 642

пікірлер

0

тіркелуші

23

жазылымдар

59

Қызылсайдағы канвассинг

Үгіт-насихат жұмыстарымыздың соңында Жулдыз Муханбеткаликызы және Зина Нугаевамен бірге ауылдағы әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері төмен отбасыларына кіріп, жағдайларын біліп шықтық.

1. Теміршиева Қымбат жолдасы және енесі ауыр науқас, өзі жұмыссыз, үш бала анасы. Жолласына санитарлық-гигиеналық заттар керек екен.

2. Қожаниязов Орынбай тұрақты жұмыс іздейді, құрлыс жұмыстарынан хабары бар екен, үш баланың әкесі.

3. Мараева Жанна, бес баласы бар жалғыз басты ана, жұмыссыз. 9 айлық баласының туылғаннан жүрегінің ақауы бар екен. Үй алу, баласын кардиологқа қарату, адвокаттың көмегі сияқты сұрақтарды көтерді.

Барған отбасыларына қажетті кеңестерді, ұсыныстарды айттық.

#NurOtan

Nur Otan

Nur Otan Маңғыстау облысы

Nur Otan Aktau

Nur Otan Jańaózen Qalasy

#edilzhangbyrshin

0
0
114

Елбасы басшылығымен өткен жол: Қазақстанның басты 10 жетістігі

Бірінші – Қазақстанның айналасына «тату көршілік белдеуі» түзілді. Әлем бізді бұрын танымайтын. Шекарамыз шегенделмеген еді, бұл еліміздің аумақтық тұтастығына тікелей қауіп төндірді. Алғаш рет біз еліміздің құрлықтағы 13,4 мың шақырым және судағы 2,3 мың шақырым шекарасын халықаралық келісімдермен бекіттік. Бұл басқа мемлекеттермен ынтымақтастық орнатуға, шетелдік инвестицияларды тартуға негіз болды. Олардың көлемі 350 млрд. доллардан асты.Екінші – экологиялық апаты асқынған ауқымды аймақтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Арал экологиялық апаты мен Семей полигоны экожүйеге, оны қоршай орналасқан аймақтардың әлеуметтік-экономикалық және демографиялық жағдайына барынша теріс әсер етті.Біз Семей ядролық сынақ полигонын жаптық, іргелес аумақтардағы жағдайды жақсарту үшін кешенді шар…

0
0
133

Ақтаудағы ЕСІКТЕН ЕСІККЕ акциясы

Бүгін сенімді өкілімЫқылас Көшербай Ақтау қаласының 7,9 шағын аудандарында"Есіктен есікке" акциясын өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Барлығы 34 адам қамтылды.

#NurOtan

Nur Otan Маңғыстау облысы

Nur Otan Aktau

#edilzhangbyrshin

Nur Otan партиясының сайлау алды бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жұмыстары

Бүгін менің сенімді өкілімЮсуп Шахшаев, Ассамблея атынан Қазақстан Мәжілісі депутаттығына үміткер Аветик Амирханмен бірге Ақтау қаласындағы этно-мәдени орталық өкілдерімен кездесіп,Nur Otan партиясының сайлау алды бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп,Ұлт аралық келісімді нығайту жөнінде өз ой-пікірлерін білдірді. Қамтылған адам саны 31.

#NurOtan

#edilzhangbyrshin

Nur Otan Aktau

0
0
106

Шебір ауылының тұрғындарымен кездесу

Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Шебір ауылының тұрғындарымен кездесу өткен еді. Ауыл халқы, әсіресе ұйымшыл жастар жағы ауылдың әлеуметтік әл ауқатының дамуына, ауылдың жас спортшыларының халықаралық, республикалық спорттық шараларына қатынасуына жол ашып келеді. Шебірлік жастар жалпы ауыл мәселесі бойынша қай сала болса да араласпай қоймайды. Соның ішінде қазіргі ауылдағы шаруаларға кесірі тиіп отырған өзекті мәселелердің бірі су мәселесі. Ауылымыздағы 1980 жылдары салынған фонтанның өнімділігінің азаюына байланысты, биыл ауыл жастары су жинайтын цистерна орнатқан еді. Қыс келген соң су бұрандалары қатып, астауға су ақпай қалып тұрғандығы айтылды. Оның үстіне астаулары ескірген, бойына су тұрмайды. Қажетті материалдардың тапшылығына байланысты, мұнай компанияларына х…

0
0
132

Nur Otan Солтүстік Қазақстанда: Оңтүстіктен солтүстікке көшетін отбасыларға қолдау көрсетеміз

«Nur Otan» өңірлерде халықпен кездесуді жалғастыруда. Бүгін партия сайлауалды штабының мүшелері Солтүстік Қазақстан облысында болды.Осындағы Чапаево ауылында орналасқан «Қызылжар сүт» базасында өңірдің ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының басшыларымен бірге партияның сайлауалды бағдарламасы аясында саланы дамыту мәселелерін қарастырды.«Бүгінде азаматтарымыздың 40%-тен астамы ауылда тұрады. Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында біз ауылдың әлеуетін барынша іске асыруға, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға одан әрі жағдай жасайтын боламыз. Таяудағы 5 жылда «Nur Otan» жаңа инвестициялық жобалар мен фермерлік шаруашылықтар құру есебінен ауыл шаруашылығында 500 мыңдай адамды жұмыспен қамтамасыз ету міндетін қойып о…

0
0
171

800 жаңа мектеп саламыз: Nur Otan сайлауалды штабы Павлодарға келді

«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Павлодар облысына келді.Партияның сайлауалды күн тәртібі өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі «Қазақстан Алюминийі» жұмысшыларымен кездесуде талқылады.Таяудағы 5 жылда «Nur Otan» облыста кемінде 45 мың жаңа жұмыс орнын ашу, 100-ден астам ауылдың 45 мың тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, 1,6 мың км автожолды жөндеу, әлеуметтік мұқтаж азаматтарға 9 мың пәтер ұсына отырып, 2 млн. шаршы метр тұрғын үй салу секілді жобаларды міндет етіп қойып отыр.Экологияны жақсарту мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салу және жыл сайын орташа алғанда зиянды шығарындыларды 3 мың тоннаға төмендете отырып, кәсіпорындарды жаңғырту жоспарлануда.Бұдан кейін мұғалімдермен кездесуде сайлауалды штаб мүшелері білім беру саласын дамытудың негізгі бағытта…

0
0
154