Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылсайдағы канвассинг

Үгіт-насихат жұмыстарымыздың соңында Жулдыз Муханбеткаликызы және Зина Нугаевамен бірге ауылдағы әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері төмен отбасыларына кіріп, жағдайларын біліп шықтық.

1. Теміршиева Қымбат жолдасы және енесі ауыр науқас, өзі жұмыссыз, үш бала анасы. Жолласына санитарлық-гигиеналық заттар керек екен.

2. Қожаниязов Орынбай тұрақты жұмыс іздейді, құрлыс жұмыстарынан хабары бар екен, үш баланың әкесі.

3. Мараева Жанна, бес баласы бар жалғыз басты ана, жұмыссыз. 9 айлық баласының туылғаннан жүрегінің ақауы бар екен. Үй алу, баласын кардиологқа қарату, адвокаттың көмегі сияқты сұрақтарды көтерді.

Барған отбасыларына қажетті кеңестерді, ұсыныстарды айттық.

#NurOtan

Nur Otan

Nur Otan Маңғыстау облысы

Nur Otan Aktau

Nur Otan Jańaózen Qalasy

#edilzhangbyrshin

0
0
113

Осы тақырып бойынша

Қызылсайдағы канвассинг - Yvision.kz