Шебір ауылының тұрғындарымен кездесу
Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Шебір ауылының тұрғындарымен кездесу өткен еді. Ауыл халқы, әсіресе ұйымшыл жастар жағы ауылдың әлеуметтік әл ауқатының дамуына, ауылдың жас спортшыларының халықаралық, республикалық спорттық шараларына қатынасуына жол ашып келеді. Шебірлік жастар жалпы ауыл мәселесі бойынша қай сала болса да араласпай қоймайды.
Соның ішінде қазіргі ауылдағы шаруаларға кесірі тиіп отырған өзекті мәселелердің бірі су мәселесі. Ауылымыздағы 1980 жылдары салынған фонтанның өнімділігінің азаюына байланысты, биыл ауыл жастары су жинайтын цистерна орнатқан еді. Қыс келген соң су бұрандалары қатып, астауға су ақпай қалып тұрғандығы айтылды. Оның үстіне астаулары ескірген, бойына су тұрмайды. Қажетті материалдардың тапшылығына байланысты, мұнай компанияларына хат жолданды. Осы ретте шаруаның бір жақты шешілуіне атсалысып, фонтан басындағы астаулардың саны көбейтіліп, жиналатын судың көлемі үлкейтілді.
Елубай Абилов
Nur Otan Shetpe
#ҮміткерлердіҚолдайық
#ДауысБер
