aktau.nurotan.kz
@aktau.nurotankz
Официальный филиал партии "Nur Otan" города Актау Мангистауской области
рейтинг
250
жазбалар
2 642
пікірлер
0
тіркелуші
23
жазылымдар
59
рейтинг
250
жазбалар
2 642
пікірлер
0
тіркелуші
23
жазылымдар
59
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауынан
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауынан
Қадірменді Қазақстан халқы! Сіздерді мемлекетіміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Ата - бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру - Сіз бен Бізге, яғни бүгінгі ұрпаққа бұйырды. Біз бақытты буынбыз.
Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев егемен ел атанған Қазақстанның аяққа тұруына, экономикасын қалыптастыруға және оны бір жолға қоюға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, ең бастысы ашық аспан, бейбітшілікте өмір сүруімізге жағдай жасады. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілейміз.
ZOOM платформасы арқылы кездесу өтті.
Кездесу барысында үміткердің сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, сұрақ-жауап алмасты.
"Nur Otan" партиясы Бейнеу аудандық филиалның ұйымдастыруымен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Баяхметова Эльмира Тілеуканқызының сенімді өкілі Нурмаганбетова Салима Дүйсеновна аудандық аурухана қызметкерлерімен ZOOM платформасы арқылы кездесті.

"Jas Otan" ЖҚ ерікті жастары сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге дайын.

Ақпараттық парақшалары ілінді
Бейнеу ауданының ерікті жастары сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастап, аудан орталығындағы тұрғындар көп шоғырланатын орындарға ақпараттық парақшаларын ілді.



"Nur Otan" партиясының қатары артты
16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні қарсаңында "Nur Otan" партиясы Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық филиалының мәжіліс залында партияға қабылдау шарасы өтті.
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Килишаев Бекберген 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күнімен шараға қатысушыларды құттықтай отырып, партияға қабылдау билеттерін табыстады.


"Есіктен есікке" акциясы
Ауданымыздың ерікті жастары сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастап, тұрғын үйлерге "Есіктен есікке" акциясын өткізді.



"Есіктен есікке" акциясы Қызан ауылында
«Nur Otan» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Есіктен есікке» акциясы бойынша Маңғыстау аудандық сайлауалды штабы мүшесі Бабышев Құрманғали Мұстахиұлы Қызан ауылында болды.
Акция барысында ауыл тұрғындарының үйлеріне барып, партияның жетістіктері және сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
