Перейти к содержимому
aktau.nurotankz

aktau.nurotan.kz

@aktau.nurotankz

Сайтта 2020 ж. 4 қарашаКазахстан, Актау

Официальный филиал партии "Nur Otan" города Актау Мангистауской области

рейтинг

250

жазбалар

2 642

пікірлер

0

тіркелуші

23

жазылымдар

59

Zoom платформасында жиын өтті

Кандидаттардың сенімді өкілдерінің Маңғыстау аудандық ауылшаруашылық бөлімі мамандарымен және ауыл шаруашылық саласындағы жетекшілердің қатысуымен Zoom платформасында жиын өтті.

Жиында бөлім басшысы Орынғали Сырымұлы ауылшаруашылық бағытында жасалып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Сонымен қатар, аудандық сайлауалды штабының басшысы О.Морханов алда келе жатырған сайлау науқанына белсенділікпен қатысуға шақырды.

Ауыл тұрғындарымен кездесу өтті

Онды ауылдық мәдениет үйінде аудандық, облыстық мәслихат депутатына кандидаттардың ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті.

Кездесуге Ж.Ешманов,Г.Серікова, Л.Тындырғанова, Е.Ещанов және Ж.Мұратбеков қатысты. Кездесуде кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасымен, алдағы нақты жоспарларымен бөлісе отырып, ауыл үшін жасалатын игілікті жұмыстар жөнінде баяндады. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пайымды пікірлерін ортаға салды.

"Есіктен есікке" акциясы

Тұщықұдық ауылында«Nur Otan» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Есіктен есікке» акциясы бойынша Маңғыстау аудандық сайлауалды штабы мүшелері Тұщықұдық ауылында болды.

Акция барысында ауыл тұрғындарының үйлеріне барып, партияның жетістіктері және сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

0
0
101

Аудандық штаб мүшелері Бейнеу политехникалық колледж қызметкерлері мен студенттерімен кездесті

Аудандық штаб мүшелері Исатаев Рахметтулла және Сериккали Бекарыс ауданымыздағы Бейнеу политехникалық колледж қызметкерлері мен студенттерімен кездесті.

Кездесуде штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Пікірлер мен ұсыныстар тыңдалды.

"Есіктен есікке" акциясы

"Nur Otan" партиясы Бейнеу аудандық филиалының аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Бисенгалиева Улмекен аудан тұрғындарымен "Есіктен есікке" акциясы аясында кездесу өткізді.

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндіріп, 10 қаңтардағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетейік құрметті ағайын!

«Есіктен есікке» акциясы

Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «Nur Otan» партиясы еліміздегі басты саяси күшке айналды.

Осы жылдары партия ішкі тұрақтылықтың тірегі болып, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай жұмыс істеп келеді.»

Осы орайда бүгін партияның сенімді өкілдері «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді. Партия үшін қарапайым халықтың мүддесі ең бірінші орында тұрады. Халықтың мәселесін шешу жолында ұсыныстар қабылдап, әрекет етуге дайынбыз.

«Есіктен есікке» акциясы

Биылғы үгіт-насихат жұмыстары сайлаушылармен адал және ашық диалог негізінде жүзеге асуда.

Осы мақсатта ұйымдастырылған «Есіктен есікке» акциясы аясында облыстық мәслихат дептутаттығына үміткер Наурызбек Серікұлы Мағдатов және "JasOtan" жастар қанатының белсенділері үйме-үй аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

0
0
159

"Есіктен-есікке" акциясы

"Есіктен-есікке" акциясы аясында «Nur Otan» партиясының Түпқараған сайлауалды штабының басшысы С.Жолдасова және мүшелері бүгін Ақшұқыр ауылының 2 және 5 кварталында болды.

Штаб басшысы С.Жолдасова штаб құрамымен бірге үй-үйді аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндірдіру жұмыстарын жүргізді. «Қазақстанның басты 7 жетістігі» мен «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» атты үнпарақтар үлестірді. Сонымен қатар тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады.

Ақшұқыр ауылының тұрғындары тарапынан сайлау туралы сұрақтар келіп түсті. Бұл іс-шара ел халқын партияның елімізді өркендету жолында жоспарлаған жұмыстарымен таныстырып, толық ақпараттандырады.

0
0
100