Қадірменді Қазақстан халқы! Сіздерді мемлекетіміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Ата - бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру - Сіз бен Бізге, яғни бүгінгі ұрпаққа бұйырды. Біз бақытты буынбыз.
Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев егемен ел атанған Қазақстанның аяққа тұруына, экономикасын қалыптастыруға және оны бір жолға қоюға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, ең бастысы ашық аспан, бейбітшілікте өмір сүруімізге жағдай жасады. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілейміз.
