Судың адам ағзасына 5 пайдасы
Су – тіршілік көзі. Судың адам денсаулығы мен ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне пайдасы зор. Танымал адамдар судың қасиеті туралы көп айтқан. Леонардо да Винчи: «Суға жердегі тірішіліктің нәрі болуға сиқырлы билік берілген», - десе, Үлкен Плиний: «Ақиқат шарапта болса, денсаулық суда», - деп ой қозғайды. Сонымен, судың қандай пайдасы бар? 1. Шығармашылық және ойлау қабілетіңіз артадыСуды жеткілікті мөлшерде пайдаланған жағдайда, адам организмі белсенді жұмыс жасайды. Әлем зерттеушілері суды тағы бір қырынан таныды. Олар судың адамның ойлау қабілетіне тигізетін игі әсерін қарапайым тәжірибемен дәлелдеген екен. Neuroscience (Нейробиология) журналының таратқан ақпараты бойынша, жеткілікті мөлшердегі су адам миының жұмысын 15%-ға арттыра алады екен. Күніне 8-10 стақан су іше отырып, когнитивтік…