Судың адам ағзасына 5 пайдасы
Су – тіршілік көзі. Судың адам денсаулығы мен ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне пайдасы зор. Танымал адамдар судың қасиеті туралы көп айтқан. Леонардо да Винчи: «Суға жердегі тірішіліктің нәрі болуға сиқырлы билік берілген», - десе, Үлкен Плиний: «Ақиқат шарапта болса, денсаулық суда», - деп ой қозғайды. Сонымен, судың қандай пайдасы бар?
1. Шығармашылық және ойлау қабілетіңіз артады
Суды жеткілікті мөлшерде пайдаланған жағдайда, адам организмі белсенді жұмыс жасайды. Әлем зерттеушілері суды тағы бір қырынан таныды. Олар судың адамның ойлау қабілетіне тигізетін игі әсерін қарапайым тәжірибемен дәлелдеген екен. Neuroscience (Нейробиология) журналының таратқан ақпараты бойынша, жеткілікті мөлшердегі су адам миының жұмысын 15%-ға арттыра алады екен. Күніне 8-10 стақан су іше отырып, когнитивтік қабілетіңізді 30%-ға жақсартасыз. Нәтижесінде зейініңіз артып, ойлау қабілетіңіз тезірек және шапшаңырақ болады.
2. Иммунитетіңіз күшейе бастайды
Словак халқының мақалы: «Таза су - бұл алғашқы медицина» дейді. Күшті иммунитет кепілі - су. Ол ағзаның тиімді функцияларын жаңартатын катализатор сияқты жұмыс істейді. Судың дұрыс мөлшерде пайдаланылуы – бауырыңыз бен бүйрегіңіздің жұмысын жақсартып, қалыпты деңгейде ұстауға көмектеседі. Зерттеушілердің айтуына сүйенсек, рН теңгеріміңіз тұрақталып, бүйрекке тас жиналуының алдын алады екен. Су - адам ағзалары ауруларын алдын алуға көптеген септігін тигізеді. Нәтижесінде, адам иммунитеті жоғарылап, қалыпты күйге алып келеді.
3. Жүрегіңіз мықтырақ болады
Су адам жүрегінің сауығуына көмектеседі. Қан сұйыла түскендіктен қан қысымы төмендеп, жүрек талмасының қаупі сейіледі. Ұйықтар алдында бір стақан су ішіп жатсаңыз, жүрек талмасы мен инсульттің алдын алуға көмектеседі. Американдық эпидемиология журналы алты жылдық зерттеуінің нәтижесін жариялады. Зерттеушілерге сүйенсек, суды дұрыс мөлшерде тұтыну, жүрек ауруларының даму қаупін 41%-ға төмендетеді екен.
4. Зат алмасу үрдісі жақсарады
Зат алмасу үрдісі несімен маңызды? Біріншідіен, өмірізді ұстап тұрған ағзалардағы химиялық реакциялардың жүруіне тікелей байланысты. Екіншіден, су зат алмасу үрдісін жақсартады. Диетологтар бәрінен де ең маңыздысы таңертең аш қарынға бір стақан су ішу керек дейді. Зерттеулер көрсеткендей, таңертең тұрған соң, жарты литр су ішсеңіз, зат алмасу үрдісі 24%-ға артады. Үшіншіден, егер сіз ағзаңызға қажетті мөлшерде су ішетін болсаңыз, метаболизм шамамен 3%-ға жылдам жұмыс істейді.
5. Қысымды реттейді
Су адамның қан айналым жүйесін жақсартады. Орташа алғанда біздің ағзамыздың 75% судан тұрады, ал адам ағзасындағы қанның құрамы 92% судан тұрады. Су жеткіліксіз болған кезде қан қоюланады және қан қысымы көтеріледі. Сондықтан, қанның сұйық болуы, қысымды реттеуге оң әсерін тигізеді. Ол үшін табиғи минералды суды жеткілікті мөлшерде пайдалану қажет. Ол артериялық қан қысымын төмендетуге көмектеседі. Сол себепті, қан қысымы жоғары науқастар қалыпты ауыз су режимін ұстануы керек.
Қорытынды
Су - өмір тынысы. Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді. Барлық аурудың алдын алу жолдарын медицина ғалымдары көбінесе сумен байланыстырып жатады. Жоғарыда атап өткендей, судың адам ағзасына маңызы зор. Атап айтсақ, адамның ойлау қабілетіне, иммунитетке, жүрекке, зат алмасу үрдісіне және қысымды реттеуге пайдасы зор. Көне заманда да қазақ даналары судың емдік қасиетіне, шипасына ерекше мән берген. Сол кебепті, ауыз суды күнделікті көп мөлшерде пайдалануға тырысыңыз. Мықты денсулық кепілі - таза су.
