Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мамандық таңдау-болашақтың қабырғасын қалаумен тең!

Мамандық таңдау-болашақтың қабырғасын қалаумен тең!

Құс та болғым келмейді қанатым бар
Қанатым бар күмістен жаратылған

Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым

Бұл өмірден хабарсыз жаңа туған

Тар бесігі кең жаһан тарылмаған
Біреуге бар біреуге табылмаған

Сәби болғым келед-ау сәби болғым
Ана сүті аузынан арылмаған

От та болғым келмейді жылуым бар
Жылуым бар, керек пе, жылыныңдар

Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым
Күн сәулесі ойнаған тұлымымда

Қанат қағып өмірге ұшарымда
Кесілмесе бәрібір тұсауым да

Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым
Сәбиі жоқ ананың құшағында
М.Мақатаев

Оқу-инемен құдық қазғандай! Білім-өміріміздің өшпес жарығы! Мектеп-кеме,білім-теңіз.Алтын ұям Назарбаев Зияткерлік мектебінің мен де жас түлегіне айналмақпын! Соңғы оқу жылы... Қарлығаш ұясын қалай қимаса, мен де мектебіме солай асықпын...

"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің"-, демей ме бабаларымыз?  Жас жүрегім  бұл мектептің өміріме тигізген әсерін жақсы сезеді. Осы 2 жылда мектебім маған білім нәрін сусындатып, улкен тәрбие берді. Ұстаздар анамдай болып,мектебім үй секілді. Жарқын болашаққа қадам басуымның алғашқы мектебі-Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Алайда, мектепті аяқтау қандай қиын әрекет екенін білсеңіздер ғой, шіркін: алдыңда  алуан түрлі жолдар,жоғары оқу орыны, мандық таңдау. Осының бәрін ойлағанда,қайтадан бірінші сыныпқа келіп,партаға отырғың келеді. Десек те,бұл -орындалмас арман.   Мұқағалидің "Сәби болғым келеді" өлеңі сол себепті де жадыма үнемі келетін шығар...

Асқақ арманы бар,

Таудай талабы бар!

Жанарында жалыны бар!

Жастарым алып ұшар!

-дегендей, биылғы жылдың түлектері ҚР болашағына пайдалы үлес қосар деп сенемін!

Мамандық таңдау-қазіргі біздердің негізгі толғанысымыз болып отыр. сондықтан да бұл блог тақырыбы осылай аталды деп ойлаймын. Мамандық деген сан түрлі, және әрқайсысы пайдалы! Иә,алайда, мыңдаған мамандықтың ішінде жаныңа жақынын таңдау қандай күрделі! Адамның мамандық таңдауы - өте маңызды шешім. Бұл оның өміріне ашылар бірінші есіктердің бірі іспеттес. Жүрегі толқып, экзамендерін тапсырғалы отырған, жұлдыздай армандары бар жалынды жастарға сәттілік тілейік достар!

 
1
0
658

Осы тақырып бойынша

Мамандық таңдау-болашақтың қабырғасын қалаумен тең! - Yvision.kz