Қоқысты азайту шараларын кім және қалай жүргізеді?
Соңғы кезде мен қоқысты азайту туралы көп ойлана бастадым. Өз қоршаған ортама зардапты қалай азайтуға болатыны жайлы ақпарат іздедім. Ғаламторда 3R: Reuse, Redo, Recycle, яғни қоқысты қайта қолдану және қайта өңдеу әдісі жиі кездеседі. Бұл көптеген мемлекеттерде қолданылады. Алайда Қазақстандағы қоқыстың жағдайы өкінішті. Қатты тұрмыстық қалдықтардың 10%-дан кемі ғана қайта өнделеді. Қалған 90% -ы қоқыс полигондарына жерленеді. Қазіргі кезде 3800 қоқыс полигондар бар. Осылай жалғаса берсе, кең байтақ өлкеміз бір үлкен қоқыс полигонына айналмайды ма? Осыны болдырмау мемлекет, өндіріс және жеке адам деңгейлерінде жүзеге асуы мүмкін.Мемлекеттік деңгейде Қазақстан үкіметі заң шығару құқығымен айтарлықтай өзгерістер енгізе алады. Қазіргі күнге дейін кейбір шаралар жүзеге асырылды. Мысалы, жасы…