Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоқысты азайту шараларын кім және қалай жүргізеді?

Соңғы кезде мен қоқысты азайту туралы көп ойлана бастадым. Өз қоршаған ортама зардапты қалай азайтуға болатыны жайлы ақпарат іздедім. Ғаламторда 3R: Reuse, Redo, Recycle, яғни қоқысты қайта қолдану және қайта өңдеу әдісі жиі кездеседі. Бұл көптеген мемлекеттерде қолданылады. Алайда Қазақстандағы қоқыстың жағдайы өкінішті. Қатты тұрмыстық қалдықтардың 10%-дан кемі ғана қайта өнделеді. Қалған 90% -ы қоқыс полигондарына жерленеді. Қазіргі кезде 3800 қоқыс полигондар бар. Осылай жалғаса берсе, кең байтақ өлкеміз бір үлкен қоқыс полигонына айналмайды ма? Осыны болдырмау мемлекет, өндіріс және жеке адам деңгейлерінде жүзеге асуы мүмкін.

Мемлекеттік деңгейде Қазақстан үкіметі заң шығару құқығымен айтарлықтай өзгерістер енгізе алады. Қазіргі күнге дейін кейбір шаралар жүзеге асырылды. Мысалы, жасыл экономикаға көшудің қадамы болып 2019 жылдың қоқыс полигондарына пластмасса, қағаз бен әйнекті алдын ала сұрыптаусыз көмуге тыйым салынуы туралы заң қабылданды. Заңды бұзған жағдайда айыппұл салынады. Ал 2020 жылдан бастап құрылыс материалдары және азық-түлік қалдықтарын көмуге тыйым салынады. Дегенмен, бұл шаралар мәселені шешу үшін жеткіліксіз. Мәселен, бұл заңды бұзу жиі кездеседі. Қоқыс арасынан пластмасса, қағазды бөліп алса да, басқа органикалық қалдықтармен араласқаннан кейін қайта өңделуге жарамсыз болып қалады. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, Швеция қоқыстың 90%-ын қайта өңдейді және басқа елдің қоқысын шикізат ретінде импорттайды. Олардың қоқыс саясаты төмендегідей жіктеледі:

қайта өнделеді— 50,6%,

энергия өндіру үшін жағылады — 48,6%,

полигонға көміледі — 0,8%

Қазақстан да осы үлгі негізінде қоқысты азайтып, экономикаға кіріс әкеле алады. Қоқысты сұрыптау үшін түрлі түсті қоқыс жәшіктері ірі қалаларды орнатылды. Ендігі тапсырма- қоқысты сұрыптауға тұрғындарды және кәсіпорындарды міндеттеу.

Өндірістік деңгейде мәселені қарастырсақ, Қазақстанда қоқыс өндіру зауыттары тапшылықта екені байқалады. Жылына 100 млн тонна шығаратын мемлекетте 4 кәсіпорын ғана жұмыс істейді. Сонымен қатар, қағаз өңдейтін, көлік шиналарын қайта өңдейтін мамандандырылған компаниялар жұмыс істейді. Көптеген елдерде тауар өндіруші компаниялар өзінің тауарларының қаптамасын утилизациялауға міндетті. Мысалы, Германияда пластикалық бөтелкедегі сусын қымбатырақ тұрады, бірақ бағасының бір пайызын қайтарып алу мүмкін. Ол үшін бос бөтелкені кез-келген супермаркетте тапсырып, ақшаны қайтарып алуға немесе сол супермаркетте келесі тауарды жеңілдікпен алуға болады. Бұл адамдарды қоқысты сұрыптауға ынталандыратын өндірушілердің әдісі тиімді болып табылады.

Соған қарамастан, қоқыс мәселесі өзінің бастауын тұтынушы адамнан алады. Қоқысты қайта өңдеу сұрыптаусыз жүре алмайды. Мемлекет пен өндірушінің тапсырмасы қоқысты барынша кәдеге жарату болса, тұтынушының мақсаты қоқысты азайту және саналы түрде тауарды пайдалану. Әр қазақстандық азамат жыл сайын 250-360 килограм тұрмыстық қалдықтарды лақтыратынын елестете аласыз ба? Оның басым бөлігін болдырмауға да болушы еді. Мысалы, суды пластикалық бөтелкеде сатып алғанша бір шыны бөтелкені сатып алып, оны көп рет пайдалану әлдеқайда пайдалы болар еді. Сонымен қатар, дүкенге барғанда өзіңіздің сөмкеңізбен барсаңыз, целлофан пакеттерді қолданудың қажеті болмайды. Ең маңыздысы- қоқысты мүмкіндігінше сұрыптау қажет. Азық-түлік қалдықтарын жануарларға беріп, қағазды макулатура өңдеу орындарына тапсырып экологияға зор көмек көрсетуге болады.

Қоқыс мәселесі ауқымды, күрделі екені барлығына белгілі. Алайда "ұйымдасқан ұтады" демекші, күшті біріктірген жағдайда мәселе шешіле алады. Әр адам осы мәселеге жауапкершілікпен қараса, ал мемлекет пен өндірушілер оны ынталандырып, келесі қадамдарды жасаса, Қазақстан 2030 жылға қарай Швеция тәрізді жасыл елдердің қатарына кіруі әбден мүмкін.

Айғаным Егизбаева

0
0
630

Осы тақырып бойынша

Қоқысты азайту шараларын кім және қалай жүргізеді? - Yvision.kz