ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

АНОНС. «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы»

Ақпанның 21-і сағат 17:00-де Әділет министрі Марат Бекетаевтың басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізіледі. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысады.
Отырыс барысында келесі заң жобаларының концепцияларын қарастыру көзделген:
1. «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік биліктің тармақтары Арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ҚР Әділет министрлігі)
2. «ҚР кейбір конституциялық заңдарына мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»(әзірлеуші – ҚР Әділет министрлігі)
3. «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде көліктік бақылау функцияларын мемлекеттік кірістер органдарына беру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» (әзірлеуші - ҚР Қаржы министрлігі)
Өткізу орны: Әділет министрлігінің баспасөз орталығы, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 қабат, 1056.
Журналистерді тіркеу 21 ақпан сағат 15:00-ге дейін жүргізіледі.
ҚР Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02,
55-86-91
pressgov@mail.ru