Әкім Тарази: 20 жыл уақытымды жұмсап аударған тарих туралы екі кітабымды 10 жылдан бері бір қазақ оқымапты
Осы демалыс күндері жазушы Әкім Тарази ағамызға амандаса барып, аз-кем әңгімелесіп қайтып едік. Шәй үстінде білерменсіп тарих турасында сөз бастап қалуымыздан тарқатылып жүре берген төмендегі жолдарды естіп қырымыздан қысылып, шекеміздің шып-шып тершігені бар...
Содан тарих ғылымына өші бар жас ғалым, жалпы жұртқа құлаққағыс болсын деп ағамыз айтқан әңгіменің әлқиссасын болса да қағазға түсірдік. Оқып көрерсіз. Мүмкін кітапханаға жүгірерсіз, мүмкін интернет ақтарарсыз, мүмкін автормен сөйлесерсіз, мүмкін шыбындаған қойторыдай құлақты қағып қойып шұлғып тұра берерсіз, мүмкін...

Ұларбек Нұрғалымұлы
Міне менің алдымда қалың-қалың екі кітап жатыр. Мұның авторы ХІХ ғасырда өмір сүрген орыстың ірі ғалымы Никита Бичурин. Бұл өзі Пушкин заманында өмір сүрген, оны айтып отырғаным Пушкинмен дос болған адам. «Орта Азияны мекендеген халықтардың көне заманғы тарихы» және «Мыңқолдың төрт ханы» деген еңбектер жазып баспадан шығарады. Оның бір данасын Пушкинге, бір данасын Ресейдің сол кездегі патшайымы Елизаветаға сыйлаған. Бұл еңбекті ерекше бағалаған император академияның корреспондент мүшесі атағын береді. Ол деген өте үлкен атақ. Кейін Никитаның үстінен біреулер патшайымға арыз жазып мұны «ұлтшыл» деп кінәлайды. Ал, Никитаның ұлты шын мәнінде чуваш еді. Ол түркі тектес халық қой. Соны көлденең тартып бұл бейшараны жер аударып жібереді. Сонымен өмірінің соңына дейін сергелдеңге түсіп, ақыры өлді ғой...

Ал, Никита Бичурин бұл еңбекті қалай жазғанын айтайын, ол алғаш Қытайға христиан дінін тарату мақсатында барғандармен бірге барады ғой, содан кездейсоқ осы тарихқа көзі түседі. Қытайдың ең алғашқы тарихшыларының бірі Цы Ма Чан жазған бұл еңбек оны қатты қайран қалдырады.Бүкіл ынта-зейіні соған ауады. Сөйтіп ол Қытайда табаны күректей 13 жыл жатып, қытай тілін әбден меңгеріп осы еңбекті аударады. Аударғанда жай ғана аударма емес, «Никита Бичуриннің сына сөзі» деп қажетті жеріне өзінің де көзқарастарын қоса отырып баяндайды ғой. Керемет еңбек! Бұл кітапта қазақтың бүкіл руының аты бар, тіпті еш өзгеріссіз. Қоңырат, Найман, Керей, Албан, Суан, Үйсін, Қапал, Жаныс... бәрі бар. Тұнып тұрған қазақ тарихы. Дәл қазіргі біздің жыл санауымыздан бұрынғы 193-інші жылдан бері қарай Құбылай хан таққа отырғанға дейінгі тарихты қамтыған. Қарап отырып қызығасың, не деген анық жазған?! Тіпті кейбір ұлысбасылары туралы айтқанда оның қай уақытта туылғаны, ай, жыл емес, таңертең бе, түс пе, кеште ме, түн ортасында ма – соған дейін анық жазған. Қытайдың анау тарихшысы өзінен кейінгілерге: «тарихшы шын тарихты ғана жазу керек» деген өсиет қалдырған. Мына еңбектен сол ұстанымды анық байқайсың. Бұл еңбекті Цы Ма Чан бастап, өзінің шәкірті ме, екінші бір тарихшы аяқтайды. Яғни екі тарихшы жазған.
Сонымен, патшаның қаһарына ұшыраған бұл еңбек шықпай қалады. Ақыры Кеңес үкіметі тұсында бір рет басылып шығады. Одан қайта шыққан жоқ. Менің қолыма сонда тиген. Бұл өзі аса қызық кітап. Сатып әкелген бетімде ішіне еніп кеттім. Балапандай ғып бауырыма басып отырып аудардым. Асықпай 15-20 жылдай уақытта аудардым ғой. Мұның ішінде «Бичуриннің сына сөзі» секілді Таразидың да сына сөздері кірісіп отырды. Қай ғалым оны тағы да қалай жазған? Қай жерде кімнің жазған тарихымен үйлесіп жатыр дегендер Тарази тарапынан да сыналанып кіріп отырды. Ал керек болса! Мен саған айтайын, Әкім Тарази осы екі кітапты аударғаннан өзге ештеңе жазбаған болса да қазақ мәдениет тарихына өте үлкен еңбек сіңірген адам болып қала береді. Мысалы, осы тарихтың бастауында Мөде хан деген бар, иә Мөде хан. Бүкіл дүние жүзі Мөде хан деп жазады. Жоқ, ол Мөде хан емес, Бота хан. Неге олай дейсіз ғой? Қытайдың сол кездегі «м» деп жазылған иероглифі қазір «б» болып оқылатынын жапонның Синатори деген академигі дәлелдеп кітап шығарған. Оның мақаласы менің қолыма түсіп, соны оқығаннан кейін барып өзімнің топшылауларымның дұрыстығына көзім анығырақ жете түсті. Содан кейін барып Мөдені «Бота хан» деп жазуға құқым бар екен дедім. Солай жаздым. Оның шешесінің еркелетіп «Ботам» дейтіні де ескерілмей қалған жоқ. Ал Бота ханның әкесінің аты – Қара хан. Міне, қараңыз!.. Бәрі қазақтың сөзі.
Енді мен саған мына жағдайды айтайын, осы екі кітап 2006 жылы және 2008 жылы екі рет басылып шықты. Алайда осы он жылға жуық уақытта мұны бір қазақ оқымапты. Сенбейтін шығарсың, өкінішке қарай бұл шын. Оқыған болса біреуі хабарласып айтар еді ғой, біреу болмаса біреу жазар еді ғой. Ал жақында мына ұлттық кітапханаға бардым. «Орта Азияны мекендеген халықтардың көне заманғы тарихы» кітабынан 35 дана, «Мыңқолдың төрт ханы» кітабынан 17 дана кітап түскен екен.Кітапханашыдан сұрасам бұл екі кітапты әлі бір адам ашпапты. Таң қалдым. Қаптаған тарихшы, докторлар қайда сонда? Олар не қорғап жүр? Бірде бір ғана «Ботагөз» романындағы «Ботагөз образы» деген тақырыпта 200-ге жуық еңбек қорғалыпты деп естіген едім, сол рас сөз секілді. Тұнып тұрған көшірмешілік болады ғой оның бәрі. Сонда не істеп жүріз біз? Той, қонақ па? Тойда да ой болу керек қой әй!.. Мен бұл кітаптарым туралы сұхбаттарымда әлденеше рет айтқан болатынмын. Ешкім былқ етпейді.
Осынша тарихымызды дайындап берген Бичурин: «Оның да ар жағында бес мың жылдық тарих жатыр, бірақ мен мүмкіндігімді ескеріп, біздің заманымыздан бұрынғы 193-інші жылдан бері қарай бастадым» - дейді. Міне бұл осындай ұлан-ғайыр еңбек. Ата-бабамыздың тарихы.

Ал, «Мыңқолдың төрт ханы» кітабы туралы сөз тіпті бөлек. Кітаптың атының өзі бізге өзгеше көрінеді. Біз «Моңғол» деп жазып жібердік. Жазған жоқпыз, жаздырды. Сталинның саясаты оны солай жаздырған. Қазақты «киргиз-казак» деп жаздырып, анау таза қырғыздардың өзін «кара-киргиз» деп жаздырған секілді «Мыңқол» да өзгеріске түскен. Сталин Чойбалсынды шақырып алып тұрып солай жаздырған. Орыстар кезінде бір қорықса қазақтан қорықты. Империяға ең жақын, ең күшті, атты әскері бар халық қазақтар болды. Сондықтан біздің атымызды Елизавета патшаның тұсында арнайы указбенен «киргиз» деп өзгертіп жіберді. Өйткені, оларға бұрынғы тарихтан «Қазақ» деген қаһарлы сөз болып қабылданды ғой.
Бичурин бұл кітабында Шыңқұз ханның өзінің кіндігінен тараған үш ұлының және өзін қосып «Мыңқолдың төрт ханы» деп шығарып отыр. Шыңқұз ханның басқа да балалары бар ғой, алайда олардың бәрі бұлар секілді бүкіл Мыңқолды билеген емес. Темірдің өзі, өзін Шыңқұздың ұрпағымын деп айтқанымен, оның ізін жалғаушы ірі билеуші болған жоқ қой. Автор ондай жайларды кітаптың алғысөзінде де бүге-шігесіне дейін жазады. Мінеки, өзінің тарихын құр қиялмен емес, деталь, дерекпен білем деген кісіге тартылған дайын табақ. Биссімілләсін айтсын да ашқарақтана қолға алсын! Өйтпейді ғой, шіркін-ау! Қипақтап, қалғып-мүлгіп, қуақыланып отырғаны!