Мазмұнға өту
abai_kz

abai_kz

Сайтта 2010 ж. 3 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

46

пікірлер

3

тіркелуші

19

жазылымдар

8

Ел боламын десең есіміңді түзе!

Қазақстанның Статистика жөніндегі агенттігінің деректеріне сүйенсек, қаңтар мен тамыз айының аралығында елімізде 92,1 мың жаңа жанұя құрылып, 244292 нәресте дүниеге келіпті. Осы кезеңде дүниеге келген сәбилердің арасындағы ең көп тараған есімдер - Ерасыл мен Аружан екен! Жалпы алғанда, Статистика агенттігі Қазақстандағы ең көп тараған есімдер туралы ақпаратты тұңғыш рет таратып отыр. Осы деректерге сенсек, еліміздегі ұл балалардың арасындағы ең көп таралған есімдер - Ерасыл, Диас және Нұрасыл болса, қыздардың рейтингісінде - Аружан, Кәусар және Аяулым деген есімдер оза шауып келеді. Осыған дейін Нұрсұлтан, Дінмұхамед деген есімдер кең тарап еді. Соған қарағанда қоғамда көзге көрінбес өзгерістер болып жатқандай... Жалпы қазақ халқы нәресетенің есімін ырымдап қоятыны белгілі. Мына есімдерге…

0
0
438

Шүкір Шахайдың суреттері

Бұл біздің жиырма жыл бұрынғы халіміз. Шынайы бейнеміз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары. Тоқсаныншы жылдардың басындағы экономикалық дағдарыс. Тек экономикада ғана емес шығар... Сол жылдардағы дүкен аталуының қаңырап қалғаны, бір уыс ақшаға бір қап ұн табылмайтын жылдар. «Жеңгем тоңазытқышы толмай қалып, ағамды сол костюммен тағы көрген» уақыт. Елдің есінде қалған ереулі жылдар. Одан бері де жиырма жыл өтіпті. Не өзгерді? Сол кезеңнен алыстап кете алдық па?.. Мүмкін...

0
0
1023

Телеөнімдердің теріс әсері

Әр елдің болашағын халқының бүгінгі әл-ауқатымен, яғни әлеуметтік  жағдайымен тығыз байланыстыра отырып болжауға болатын шығар.  Қалай десек те, бүгінгі таңда мемлекеттің өркендеп алға шығуы, халқының өсіп-өнуі де азаматтарының экономикалық сауаты, қоғамдық-саяси белсенділігінің деңгейімен көрініс таппақ. Оның үстіне постмодернизм тұсында  адамдардың ақыл-ой еркіндігіне, сөз бостандығына кең өріс ашылатындықтан, ғылымның алдыңғы қатарға шығуы, «сапалы адам» идеясының өзектілігінің арта түсуі заңды құбылыс болса керек. Осы орайда, қанша жерден айтыла-айтыла жауыр болуға айналды десек те, М.Әуезовтің  «Ел боламын  десең,бесігіңді  түзе!» дегенін еріксіз қайталауға тура келеді.  Бүгінде  ол  нақылды  нақышына  қарай «...экраныңды түзе» д…

0
2
1578

Қуан, қазақ! Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Жаңа жыл деген мереке бар. Оны бәріңіз білесіз.  Осы бір   мереке желтоқсан тақала бере қала мен далада  "шыт көйлегін киініп" шыршаланып шыға келеді. Қазақ билігі де жаңа жыл дейтін мерекенің тарихына үңілуді бір сәтке ойлаған емес. Ойлағаны былай тұрсын, қаперіне де кіріп шықпайды. Керісінше, тойдан құр қалардай әкім-қаралар білек сыбанып кірісіп кетеді. Ал, Алаш жұрты үшін екі дүниеде теңдесі жоқ, атаның қаны, ананың көз-жасымен келген Тәуелсіздік күні шыршаның шалғайында қалып келеді. Билігі былқ етпесе де, қазақ үшін қасиетті ай саналатын желтоқсандағы аса мәртебелі ұлттық мерекеміздің алдын  жаңа жылдың орап кете беретініне қазақ қоғамының іштей қарсылығы күшейіп келеді. Қоғамның талабы - басты талап. Міне, биыл да үлкенді-кішілі ұлықтар шыршалардың шамын жа…

1
0
1890

Мінеки, қазақтың батырлары!

Қытайдың Гуаньчжоу қаласында өткен 16-шы жазғы Азия ойындарының нәтижесі бойынша қазақ спортсмендері 7 алтын, 14 күміс, 26 қола медальге ие болды! Нобайы, қазақ атлеттері еліміздің қоржынына 47 жүлде түсіріп, командалық есепте жетінші орынды иеленіп отыр! Еліміздің спорт жанкүйерлерін ұлттық құраманың табыстарымен шын жүректен құттықтаймыз! 16-шы жазғы Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерінің тізімі № Аты-жөні Спорт түрі Салмақтық категориясы / дисциплинасы Облысы Алған орны 1 Дришлюк Юлия Беляева Галина Байбуосынова Зәуреш Оқпен ату 25 м пистолет Кереку ОҚО ОҚО 1 орын 2 Манеза Майя Ауыр атлетика 63 кг Алматы 1 орын 3 Ильин Илья Ауыр Атлетика 94 кг Қызылорда 1 орын 4 Подобедова Светлана Ауыр атлетика 75 кг Алматы 1 орын 5 Терешкова Ольга Жеңіл атлетика 400 м ОҚО 1 орын 6 Тінәлиев…

0
2
1511

Сүйінші, Алаш баласы!

Сүйінші, Алаш баласы! Тағы да бір мәрте «өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілген»күн болды. Ресейдің Орынбор қаласында 1917 жылы 1 және 2-жалпықазақ сьезі өткен және аяулы Ахаң, Ахмет Байтұрсынов тұрған және қазақ баспасөзінің қарлығашы «Қазақ» газетін шығарған тарихи ғимараттарға саланатты жағдайда ескерткіш тақталар қойылды. Тақталардың ашылуына Қазақстан пен Ресейдің түрлі деңгейдегі атқамінер ұлық мырзалары қатысқан. Орынборға жолыңыз түсіп, бара қалсаңыз Чичерин көшесіндегі 75-үйге бір соқпай кетпеңіз. Бұл үйде ұлтымыздың рухани атасы, Алаштың аяулы перзенті Ахмет Байтұрсынұлы отбасымен тұрып, «Қазақ» газетін Жақаң, Міржақып Дулатұлы екеуі шығарып, қазақ даласына таратып тұрған Ал, дәл сол қаладағы Пушкин көшесіндегі 39 - ншы үйде екі рет жалпықазақ сьезі өтіп, қазірде Алаш баласының сағ…

0
0
940

Абай мен Әлиханның таныстығы...

Абайға қатысты қазіргі таңда сөз айтқанда ең алдымен ойымызға М.Дулатовтың «Қазақ» газетінің бас мақаласы ретінде басылған «Абай» деген мақаласындағы «Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ рухына сонша жақындармыз»,- деген аталы сөзі оралады. Шындығында да уақыт көші қанша алыстағанымен де, Ұлы ақын мұрасына, рухына соншалықты жақындай береріміз анық. Уақыт кеңістігіндегі ғасырлар деңгейі мөлшерімен қарасақ Абай жинағының жарық көргеніне бір ғасыр болды. Ендеше тұңғыш жинақ оқырман қауым назарына ұсынылғаннан бері ұлы ақын мұрасын, оның дара болмысын, азаматтық келбетін, мол әдеби мұрасын тану, таныту дәрежеміз қандайлық деңгейде, не істелінді, алдағы уақыттардағы міндетіміз қандай деген сұрақтарға жауап іздеуіміз бүгінгі күн талабы деп есептейміз. «Қазақтың бас ақыны - Абай. Онан асқан б…

0
0
3098

Жұрт сүйсінген Жапония

Қазақ елi мен жапон жұртының арасында айтып түсiндiре алмайтын әлдеқандай iшкi бiр нәзiк байланыс бар екенi күмән туғызбаса керек. Тiптi, кеңестiк империя тұсында капиталистiк жүйеге қарсы жүгенсiз жүргiзiлген идеологиялық майдан - "қырғи-қабақ соғыс" жылдарында да сол сыры беймәлiм байланыс үзiлген емес. Қарапайым адамдардың өзi басқа капиталистiк, коммунистер "империалистер" деп айтатын державалар - АҚШ, Ұлыбритания, ФРГ, Франция, тағы басқаларын ұнатпағанымен, Жапонияға сәл-сәл бүйрегi бұрып тұратын. Жапон елiн жамандаудан, оның атына ауыр сөз айтудан бойларын аулақ ұстайтын едi. Неге? Осы бiр iштей сыйластық, өзара бауырластығын сезiну қалай, нелiктен пайда болды? Мұның сырын әлi күнге ешкiм түсiндiрiп бере қойған жоқ. Бәлкiм, соғыстың соңғы жылдары және одан кейiнгi ауыр кезеңде мыңд…

0
0
3210

Ұлы даланың астаналары

Дидарыңда Мәңгіліктің мұңы ұйыған Ұлы Дала... Керуендеп көшкен тұтас дәуірлер ол үшін қас-қағымдық мезет қана. Қатпарлы тау, аңырған оқшау төбелермен толқындап шексіздікке маңған ұлан жазық, алапат кеңістік мұхитының шежіре-естелігі де біртүрлі қияпат. Оның қиырсыз қойнауында өткен қилы замандар, қым-қиғаш оқиғалар туралы бүгінде тек Аңыз ғана айтылады. Бәлкім, өз естелігін Дала аңызға айналдырып қана сақтайтын болар. Бәлкім, бұл Даланың анық тарихы, шыншыл шежіресі - сол Аңыз болар. Бір кездері, есте жоқ ерте заманда, бұл Далада қайталанбас далалық өркениет дүниеге келіп еді. Жалпақ әлемге жанын айқара ашып келіп еді. Өркениет дегеніміз - шаһарлар. Осы қағиданың айнымас ақиқат боп санамызға сіңгені сонша, біз тіпті көш пен қала бірімен бірі мүлде сыйыспайтын әлемдер деп білдік. Ал, шынды…

0
0
2221

Мүмін мұсылмандар Құрбан айт мейрамын тойлап жатыр

Он сегіз мың ғаламның жаратушысы, екі дүниенің хақ иесі Алла тағаланың пендесіне бұйыртқан ұлық мерекелерінің бірі Құрбан айт мейрамын жер бетіндегі барша мұсылман Алланың разылығы үшін нәсіп еткен малын шалып, жетім мен жесірге, мүсәпір мен ғаріпке бөліп беріп, Алладан екі дүниенің жеңілдігі мен жақсылығын тілеп дұға қылып жатыр.

Құрбан айттарыңыз қабыл болсын! Қасиетті күні Я, раббым Алла Алашқа жар бола гөр! Қазақты жарылқай гөр! Деп тілек қыламыз.

Суреттер newskaz.ru және mail.ru сайттарынан алынды

http://abai.kz

0
0
985