ГЦТ «Алматытелеком» ҚТО өзінің бірінші корпоративтік стадионын ашты!
2013-жылғы 19-қазанда «Қазақтелеком» АҚ-ның 20-жылдығына орайластырып, «Алматытелеком» қалалық телекоммуникация орталығы өзінің бірінші корпоративтік стадионын ашты. Спорт кешені жабық типтегі көрермендер трибунасы бар футбол алаңымен, баскетбол және волейбол алаңдарымен, сондай-ақ жеке дене шынықтыру орындарымен жарақтандырылған! Жаңа корпоративтік стадион – бұл кез-келген деңгейдегі спорттық жарыстарды, сонымен қатар мерекелік шараларды; біздің филиалдарымыз арасындағы футболдан жолдастық матчтар, ресми қалалық біріншіліктер, Қазақстанның байланыс қызметкерлері қауымдастығының турнирлері, тимбилдингтер, жыл сайынғы жазғы және күзгі спартакиадалар, «Алматытелеком» ҚТО қызметкерлерінің жаттығулары, байланыс құралдары мен технологияларының экскурсиялық көрмелері, Наурыз мейрамын мерекелеу,…

















