Мазмұнға өту
YourKazakhTelecom

Ваш Казахтелеком

@YourKazakhTelecom

Сайтта 2010 ж. 15 қыркүйекКазахстан, Алматы

Я оператор связи, забочусь о расширении возможностей каждого человека в общении и использовании Интернета. Больше всего хочу видеть улыбки на лицах абонентов и слышать положительные отзывы. Готов

рейтинг

250

жазбалар

527

пікірлер

560

тіркелуші

267

жазылымдар

18

Біз LTE технологиясы негізіндегі iDNet Wireless қызметін іске қостық

Достар, iDNet және Megaline абоненттері үшін iDNet Wireless қызметін және тіркелген-мобильді КЖҚЖ жиынтығын іске қостық. Аталған сервисте LTE технологиясын қолдана отырып, біз абоненттеріміздің ұялы желідегі конвергенция деңгейін арттыруды көздедік. iDNet Wireless өнімі, iDNet қызметін пайдаланғысы келетін, бірақ оған қосылу мүмкіндігі жоқ абоненттерге арналып жасалған. Біз абонентке жоғары сапалық сипаттамасы бар кең жолақты Интернетке қоллжетімділік мүмкіндігін беру үшін LTE технологиямын қолданамыз. Бұл әлі iDNet қызметі аясында ұсынылатын толыққанды жылдамдығы жоғары Интернет емес, бірақ абоненттің Қазақтелекомның FTTH инфрақұрылымы әлі жүргізіле қоймаған үй шаруашылығына қызметті қосу туралы өтінімін қанағаттандыратын қызмет түрі. iDNet Wireless қызметінің параметрлері: трафик көлемі…

1
2
574

Компьютерді жүктеу-өшіру үрдісін қалай тездетуге болады

Бірнеше ядролы машинаның иелеріне ОЖ жүктеу, сондай-ақ ажыратып тастау процесін қалайша жылдамдатуға болатынын білу қызықты болуы тиіс.

Жүйені жүктеу-ажырату үшін әдепкіде бір ядро ғана жұмыс істейді.

Сіз барлық ядроларды қолмен қоас аласыз. Ары қарай біздің инфографикамызды қараңыз:

0
0
430

Біз Megaline Hit Optima трафигінің көлемін екі есе арттырамыз

Достар, бізде тамаша жаңалық бар. Интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділік қызметін одан әрі дамыту мақсатында, 2014-жылдың 1-наурызынан бастап біз Megaline Hit Optima-ның тарифтік жоспарына өзгеріс енгіземіз. Аталған тарифтік жоспар (ТЖ) бойынша сыртқы Интернет-ресурстары трафигінің көлемі 10-нан 20 Гбайт дейін екі есеге, ай сайынғы төлем ақысы өзгерместен, өсіріледі.

0
0
394

HD форматтағы телеарналар топтамасы ұсынылады

Біз «Алакаст» компаниясымен бірлесіп, эксклюзивті Viasat Premium HD форматында рұқсат етілген дәлдігі жоғары (FullHD) телеарналардың жаңа топтамасын ұсынамыз. Жаңа қызметті - HD-арналарының топтамасын - компанияның инновациялық бөлімі iD TV қызметі сервистерін дамыту жұмыстарының аясында әзірлеп отыр. Компанияның продуктологтары абоненттер үшін үздік арналарды, оның ішінде HD-сападағы үздік фильмдер көрсететін телеарналарды таңдады. Viasat Premium HD топтамасының басымдықтарына келер болсақ: абонеттерге Full HD форматтағы жоғары сапалы суреттер мен таза дыбыс және соңғы әлемдік премьералық фильмдер ұсынылады және жарнама болмайды. Жаңа топтамаға TV 1000 Premium HD TV, 1000 Megahit HD, TV 1000 Comedy HD, Viasat Nature HD, Viasat History HD, Viasat Sport HD арналары кіреді. iD TV көрерменде…

0
0
527

Wi-Fi технологиясына негізделген жаңа сервис ұсынамыз

Достар, 24 ақпаннан бастап Wi-Fi технологиясына негізделген жаңа сервисті іске қосамыз. Енді республика бойынша Интернет желісіне сымсыз қосылудың 688 нүктесі ұйымдастырылады. Бұл қызмет Wi Fi арқылы Интернетке қосылудың қосымша мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ұсынылатын жылдамдық 8 Мбит/с дейін болады және ішкі-сыртқы ресурстарға трафик шектелмейді. Сонымен, жаңа сервиспен кеңінен таныстырар болсақ: Біріншіден, ол - молл, саябақ, әуежай және вокзал сияқты қоғамдық орындарда Интернетке сымсыз қосылудың мүмкіндігі. Жылдамдық жоғары болады! Егер Сіз «Қазақтелем» абоненті болсаңыз, яғни Megaline немесе iDNet қызметтерін тұтынсаңыз, www.idport.kz. порталына кіріп, Жеке кабинет арқылы осы қызметке жазыла аласыз. Ал егер «Қазақтелеком» абоненті еместерге төлем картасы арқылы немесе жақын келешект…

0
0
668

«Қазақтелеком» халықаралық кәсіби стандарттарына толық сәйкес келетіні туралы сыртқы тәуелсіз кеңесшілердің бағасына ие болды

«Эрнст энд Янг» консалтингтік компаниясы «Қазақтелеком» АҚ Ішкі аудит қызметінің жұмысын халықаралық кәсіби стандарттарға толық сәйкес келетіні туралы қорытынды берді. Компания бөлімшелерін бағалау бойынша сәйкесті есеп «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында қарастырылды. Сәйкестік сертификаттары «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Н.Т.Байдаулетовке, «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қ.Б.Есекеевке, «Қазақтелеком» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы М.Ж.Серікбаевқа берілді. «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеевтіңайтуынша, компания «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы ішінде бірінші болып табылады және Қазақстанда алғашқылардың бірі болып Ішкі аудит қызметінің жұмысы халықаралық кәсіби стандарттарға толық сәйкес келетіні туралы сыртқы тәуелсіз сарапш…

0
0
731

«Қазақтелеком» меншікті Store іске қосады

Бағдарламалық қамтаманы жалдау бойынша жаңа сервис «Қазақтелеком» АҚ абоненттерінің Жеке кабинетіне шоғырланған Рентсофт технологиялық тұғырнамасы аясында қызмет етеді, ол жерде қосылу және белсендіру жүргізіледі, сондай-ақ таңдалған софтқа ай сайынғы жазылу ресімделеді. Бағдарламалық қамтаманы (бұдан әрі-БҚ) пайдаланғаны үшін төлемді арнайы құрылған «Қазақтелеком» АҚ әмияні» арқылы жүргізуге болады, оны абоненттік бөлімше, e-pay электрондық төлем жүйесі арқылы немесе «Қазақтелеком» АҚ инфокиоскілері арқылы толықтыруға болады. Стратегиялық басқару жөніндегі бас директор Батыр Маханбетәжиевтің айтуынша, «Қазақтелеком» АҚ Инновациялық бөлімшесінің мамандары компания абоненттеріне тиімді және пайдалы болатын БҚ таңдаған. «Қазақтелеком» АҚ онлайн-дүкенінде келесі санаттағы танымал өнімдер бол…

0
0
557

Windows-тағы қажетті пернелер

Компьютер тінтуірі – ыңғайлы құрылғы екеніне сөз жоқ, бірақ пернетақта пернелерінің пайдалы комбинацияларын білу компьютермен жұмыс істеу процесін анағұрлым тездетеді. Windows жүйесіндегі пернелердің ең пайдалы комбинацияларымен танысыңыздар!



0
0
512

Үй + мобильді интернет жиынтығы = тиімді шешім!

Достар! «Қазақтелеком» мен «АЛТЕЛ» бірлесіп, үй (iD Net/Megaline) және мобильді (ALTEL 4G) интернет қызметтерінің жиынтығын ұсынады. Абоненттерге таңдау бойынша Интернет желісіне тіркелген және мобильді қатынау арқылы пакеттік шешімдердің әртүрлі түрлері ұсынылады, сондай-ақ пакетке басқа да қызметтер енгізілуі мүмкін: интерактивті сандық теледидар (iD TV), қазіргі заманғы SIP телефония (iD Phone нөмірі) және Қазақстан Республикасы бойынша лимитсіз сөйлесулер. Бірыңғай қызметтер пакеті компания абоненттерін үйде «ауыр» контентке (бейнересурстар) сапалы жоғары жылдамдықты қатынаумен, жолда және қоғамдық орындарда (кафе, мейрамхана, СОСО) жедел серфингпен қамтамасыз етеді. «Қазақтелеком» АҚ Стратегиялық басқару жөніндегі бас директоры Батыр Маханбетәжиевтің айтуынша,Интернетжелісіне тіркелг…

0
0
936

Функциялық пернелер

Компьютер пернетақтасы көптеген операциялардың орындалуын жеңілдетуге мүмкіндік береді (тінтуір пайда болғанға дейін, барлық функция осы пернетақтаның көмегімен орындалып келді емес пе?!). Ең басшысы пернетақты дұрыс пайдалана білсеңіз, яғни ондағы барлық перненің мақсатын білсеңіз болғаны!. Бүгін біз сіздерді функциялық пернелермен жақын таныстырамыз.

Функциялық пернелер дегеніміз — пернетақтаның жоғары жағында орналасқан F1-F12 аралығындағы пернелер қатары. Бұл пернелердің әрқайсысының атқаратын өз міндеті болғандықтан, оларды функциялық пернелер деп атайды. Басқаша айтқанда, олардың әрқайсысына операциялық жүйенің белгілі бір пәрмендері бекітілген.

Сонымен, олармен жақын танысар болсақ:

0
0
1575