Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Wi-Fi технологиясына негізделген жаңа сервис ұсынамыз

Достар, 24 ақпаннан бастап Wi-Fi технологиясына негізделген жаңа сервисті іске қосамыз. Енді республика бойынша Интернет желісіне сымсыз қосылудың 688 нүктесі ұйымдастырылады.

Бұл қызмет Wi Fi арқылы Интернетке қосылудың қосымша мүмкіндігін қамтамасыз  етеді. Ұсынылатын жылдамдық 8 Мбит/с дейін болады және  ішкі-сыртқы ресурстарға  трафик шектелмейді.

Сонымен, жаңа сервиспен кеңінен  таныстырар болсақ:

Біріншіден, ол - молл, саябақ,  әуежай және вокзал сияқты қоғамдық орындарда Интернетке  сымсыз қосылудың мүмкіндігі.  Жылдамдық жоғары болады! Егер Сіз «Қазақтелем» абоненті болсаңыз, яғни  Megaline немесе iDNet қызметтерін  тұтынсаңыз,  www.idport.kz. порталына кіріп, Жеке кабинет арқылы осы қызметке жазыла аласыз.

Ал егер «Қазақтелеком» абоненті еместерге  төлем картасы арқылы немесе жақын келешекте SMS жөнелту арқылы онлайн төлем жасау мүмкіндігі қарастырылған.

Екіншіден, бұл - Интернетке  сымсыз қосылу қызметіне мұқтаж клиенттермен жұмыс істейтнін қонақүй,  мейрамхана, сауда-сауық кешендері сияқты бизнестің иелеріне арналған сервис (модель B2B).

Оған қоса, бұл бизнес-модель (В2В) epay, SMS-төлем әдістерімен Интернет желісіне сымсыз қосылу және мамандандырылған жеке үй парақшасын қамтамасыз ету  мүмкіндігіне ие. Бұл ірі вахта кенттерінде  Интернетке сымсыз қосылуды қамтамасыз етуде таптырмайтын шешім.

«Қазақтелеком» ұсынып отырған   жылдамдығы жоғары Интернет,  «бұлтты» сервистен басқарылатын Wi-Fi нүктесі,  клиентпен жұмыс істеуге ыңғайлы  web-интерфейс - жаңа сервистің басымдықтары!

Сервиске қосылу үшін бизнес  иелері  не істеулері керек:

1) қызметке жазыласыз («Қазақтелеком» филиалының менеджері арқылы);

2) Сізге «Қазақтелеком»  қызметкерлері келіп,  арнайы арнамен қамтамасыз етеді,  қажетті қосылу нүктелерін бөледі,  қызметтерді басқару үшін арнайы портал құрады;

3) Сіз бұл сервисті тек өз бизнесіңіздің аумағында  тұтына аласыз, яғни клиенттеріңіз бен қызметкерлеріңіз Wi-Fi  желісін  пайдалана алады.

Үшіншіден, жақын  келешекте біз  қоғамдық орындардағы Wi-Fi желісін  мобильдік операторлардың желілерімен ықпалдастырмақпыз. Wi-Fi технологиясы адамдар көп жиналатын  жерлердегі мобильдік желілердің  «жүгін» жеңілдетуге мүмкіндік беретінін бәріміз білеміз.  Әріптес  операторлардың абоненттеріне біздің Wi-Fi  арқылы Интернетке қосылу мүмкіндігін, яғни Wi-Fi Offload қызметін ұсынамыз.

Бізге қосылыңыздар!

0
0
675